276
42 500 теңге: 2,1 миллионнан астам азаматқа төлем тағайындалды
42 500 теңге: 2,1 миллионнан астам азаматқа төлем тағайындалды
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 31 шілде сағат 9.00-дегі жағдай бойынша 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындауға азаматтардан 2,3 млн-нан астам өтініш қабылданды. Төлем 2 млн 114 мың адамға тағайындалды. Ақшалай қаражат 2 млн 98 мың қазақстандыққа аударылды.
МӘСҚ-тан төлем алуға өтінім бірнеше арналар арқылы қабылданады. 2,3 млн-нан астам өтінімнің ішінде:
– 833,3 мың адам проактивті форматта төлем тағайындауға келісім берді;
– 591,1 мың адам Egov.kz порталы және telegram-боттар арқылы;
– 326,4 мың адам 42500.enbek.kz порталы арқылы;
– 607 мың адам екінші деңгейдегі банктердің мобильдік қосымшалары мен интернет-ресурстары арқылы өтініш берген.