298
Кәсіпкерлердің несие төлемі 1 қазанға дейін шегерілуі мүмкін
Кәсіпкерлердің несие төлемі 1 қазанға дейін шегерілуі мүмкін

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен мемлекеттік комиссия отырысында кәсіпкерлердің несие төлемдерін 1 қазанға дейін шегеру мүмкіндігі туралы айтылды.
Ең көп зардап шеккен салалардағы шағын және орта субъектілеріне мемлекеттік қолдау шарасы ретінде несие төлемдерін осы жылдың 1 қазанына дейінгі мерзімге кейінге қалдыру мүмкіндігі ұсынылады. Премьер-Министр бизнес субъектілерінің қызметіне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бекітуді, сондай-ақ азаматтар мен кәсіпкерлік субъектілерінің санитарлық ережелерді сақтауына тиісті бақылау жасауды тапсырды.
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен мемлекеттік комиссия отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың карантиндік шараларды ұзарту және карантиннен кейінгі кезеңге дайындық жөніндегі тапсырмасының орындалу мәселелері қаралды.