«Jas Otan» жастары Көкшетаудағы дәрігерлерге алғыс айтты

/
«Jas Otan» жастары Көкшетаудағы дәрігерлерге алғыс айтты
ашық дереккөзі
«Jas Otan» жастары Көкшетаудағы дәрігерлерге алғыс айтты Көкшетауда «Дәрігерлерге мың алғыс» акциясы жалғасуда. Бұл шараға мұрындық болған – Ақмола облысының «Jas Otan» жастар қанаты.  width= Акцияға А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің ректоры, қалалық маслихат депутаты Мади Елубаев қолдау көрсетті. Шара аясында дәрігерлерге дәруменге толы пакеттер ұсынылды.  width= «Қазіргі уақытта ауруханаларды аралап жүріп, дәрігерлерге дәрумендерге толы дорбаларды табыстаудамыз. Бұл акцияны тағы бірнеше күн жалғастырамыз деген ниетіміз бар: күн үш аурухананы қамтимыз», – деп атап өтті «Jas Otan» жастар қанаты Ақмола облыстық филиалының жетекшісі Сұлтанбек Бекешев.  width= Сондай-ақ, ол бұл шараға А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті қаржылай қолдау көрсеткенін айтты. Бүгін жастар алдымен Жедел жәрдем бекетінің қызметкерлеріне алғысын білдірді, ары қарай қаладағы тағы 5 стационарды аралауды көздеп отыр.
Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары