Республика бойынша 8 стационар жабылды

Республика бойынша 8 стационар жабылды

Республика бойынша 8 стационар жабылды
ашық дереккөзі
235
Қазақстан өңірлерінде провизорлық және инфекциялық стационарлар жабылады, сондай-ақ төсек-орындар саны қысқарады, – деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі. Ведомстваның мәліметіне қарағанда, қазіргі уақытта Қазақстанда 7 провизорлық стационар және 1 инфекциялық стационар жабылды. Жалпы саны 1 070 төсек орын, сондай-ақ 6 провизорлық стационарларда (855 орынға) төсек-орын саны қысқарды. Жабылған аймақтар:
  • Ақтөбе облысы – БҚММУ жатақханасы (300 төсек-орын);
  • Атырау облысы – Құрманғазы аграрлы-техникалық колледжінің жатақханасы (30 төсек);
  • Жылыой туберкулезге қарсы диспансері (10 төсек);
  • Атырау облыстық ауруханасы (200 төсек);
  • Қарағанды облысы – облыстық кардиоорталық жанындағы «Турист» қонақүйі (100 төсек), облыстық психикалық денсаулық орталығы жанындағы ҚарМТУ жатақханасы (100 төсек);
  • Нұр-Сұлтан қаласы – Қалалық психикалық денсаулық орталығы (230 төсек орны бар инфекциялық стационар);
  • Шымкент қаласы – Облыстық балаларды оңалту орталығы (100 төсек-орын).
Төсек-орын санын қысқарту бойынша:
  • Маңғыстау облысы – Маңғыстау облыстық ауруханасы (150 төсектік)
  • Жаңаөзен қалалық ауруханасы (100 төсектік)
  • Түпқараған аудандық ауруханасы (25 төсек-орын)
  • Маңғыстау аудандық ауруханасы (50 төсек-орын)
  • Павлодар облысы – «Мойылды» шипажайы» АҚ базасындағы Сұлтанов атындағы госпиталь (500 төсек-орын).
Қалған облыстарда және Алматы қаласында провизор орталықтарын жабу немесе төсек-орын санын қысқарту 2 тамыздан бастап жоспарлануда.

Серіктес жаңалықтары