210
Қырғызстанда коронавирус құрбандарын Ұлттық аза тұту күні жарияланды
Қырғызстанда коронавирус құрбандарын Ұлттық аза тұту күні жарияланды
Қырғызстанда 30 шілде коронавирустан көз жұмғандарды Ұлттық аза тұту күні болып жарияланады. Бұл туралы мемлекет басшысы Сооронбай Жээнбеков мәлімдеді.
Пандемия басталғалы Қырғызстанда 32 мыңнан астам адам коронавирус және пневмонияға шалдыққан. Елде індет құрбандарының саны 1300-ге жуықтады.
"Бұл мәселе ойымда жүр еді. Уақытынан ерте айтқым келмеген, бірақ сол туралы сөз қозғағаннан кейін айта кеткен жөн деп ойлаймын. 31 шілде күні біз Құрбан айт мерекесін тойлаймыз. Ал 30 шілде ел бойынша Ұлттық аза тұту күні болып жарияланады. Соған сәйкес жарлық шығады", - деді Сооронбай Жээнбеков.
Еске сала кетсек, 13 шілде Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні болды. Мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары, шекаралық дипломатиялық мекемелер ғимаратындағы Мемлекеттік Ту төмен түсіріліп, қазақстандықтар індет құрбандарын еске алды.