Министр ректорларға: Оқу бағасын көтермеңіздер!

Министр ректорларға: Оқу бағасын көтермеңіздер!

Министр ректорларға: Оқу бағасын көтермеңіздер!
ашық дереккөзі
282
ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов онлайн режимде өткен аппарат жиналысында ЖОО басшыларын дағдарыс кезінде студенттерге қолдау көрсетуге шақырды.  «Пандемия салдарынан студенттер оқуына уақытылы төлеу мүмкіндіктері азайғанын көріп отырмыз. Жалпы экономикалық ахуалды өздеріңіз көріп отырсыздар. Сондықтан ЖОО тарапынан да қолдау жұмыстарын жүргізу қажет деп санаймын және екі мәселеге тоқталғым келеді», - деді министр. Біріншіден, ведомство басшысы қарыздары бар студенттерге бөліп төлеу мүмкіндігін беру қажеттігін айтты. Екіншіден, қазіргі жағдайда оқу ақысын қымбаттатудың білімгерлер үшін соққы болатынын атап өтті. «Біз алған ақпаратқа сәйкес, біраз ЖОО қазір оқудың бағасын көтеруді жоспарлап отыр екен. Сондықтан бұл мәселе бойынша да сіздерге өтініш бар – осы ахуалды біле отырып, жоғары оқу орындарында бағаны өсірмеу. Бұл - өте маңызды. Сондықтан бұл мәселені сіздер қарастырып, тиісті шешім қабылдайды деп сенемін», - деді Асхат Аймағамбетов. Айта кетейік, жаңа оқу жылында ЖОО және колледж студенттері қашықтан оқиды. Министрдің айтуынша, кейбір мамандық бойынша тәжірибе, лабораториялық жұмыс кезінде дәстүрлі оқу режиміне көшуге мүмкіндік беріледі. Сондай-ақ, эпидемиологиялық ахуал жақсы болса, шалғайдағы ауыл-аймақтардағы колледждерде дәстүрлі түрде сабақ беруге рұқсат етілмек.

Серіктес жаңалықтары