Испания билігі тұрғындарға карантин күшейтілетінін ескертті

Испания билігі тұрғындарға карантин күшейтілетінін ескертті

Испания билігі тұрғындарға карантин күшейтілетінін ескертті
ашық дереккөзі
241
Каталония билігі соңғы 10 күнде коронавирус жұқтыру деректерінің саны артса, карантин шараларын күшейтпек.   BBC агенттігінің хабарлауынша, жергілікті билік Каталонияның шамамен төрт миллион тұрғынының үйде болуы туралы өкім шығарған. Кеше Каталония президенті Квим Торра алдағы он күнде індет жұқтырушылар саны азаймаса, шектеу шаралары күшейтілетінін хабарлады. Испания билігі тұрғындарды елдегі эпидемиолгиялық ахуал қатаң бақылауда екеніне сендіріп, туристік аудандар, соның ішінде Балеар аралдарындағы шектеу шараларын алып тастауға ниетті.  Джонс Хопкинс университетінің дерегінше, пандемия басталғалы Испанияда 272 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырған. Індеттен 28 мыңнан аса адам көз жұмды.  Еске сала кетсек, бұған дейін Өзбекстанда карантин 15 тамызға дейін ұзартылғанын хабарлағанбыз.  Елде қала ішінде және өңірлер арасында көлік қозғалысы шектелген. Сонымен бірге әуе және теміржол байланысы уақытша үзіліп отыр.  

Серіктес жаңалықтары