1,9 млн қазақстандыққа 42 500 теңге төленді

1,9 млн қазақстандыққа 42 500 теңге төленді

1,9 млн қазақстандыққа 42 500 теңге төленді
ашық дереккөзі
151
28 шілде сағат 9.00-дегі жағдай бойынша 2,2 млн адамнан 42500 теңге біржолғы төлем бойынша өтініш қабылданды. Төлем 1,9 млн адамға тағайындалды. Ақшалай қаражат 1 млн 820 мың қазақстандыққа аударылды. Бұл туралы ҚазАқпарат Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. МӘСҚ-тан төлем алуға өтінімдер бірнеше арналар арқылы қабылданады. 2 млн 233 мың өтінімнің ішінде: – 822,1 мың адам проактивті форматта төлем тағайындауға келісім берді; – 554,3 мың адам Egov.kz порталы және telegram-боттар арқылы; – 287,6 мың адам 42500.enbek.kz порталы арқылы; – 569,6 мың адам екінші деңгейдегі банктердің мобильдік қосымшалары мен интернет-ресурстары арқылы өтініш берген. Азаматтардың санаттары бөлінісінде: – 822,1 мың өтініш бірыңғай жиынтық төлем төлеушілерден берілді (проактивті форматта); – 170,4 мың өтінішті жалдамалы қызметкерлері үшін жұмыс берушілер берді; – 1 млн 241 мың өтініш азаматтардың басқа санаттарынан келіп түсті (жеке кәсіпкерлер; жеке практикамен айналысатын адамдар; азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар). Төлем 1,9 млн адамға тағайындалды. Ақшалай қаражат 1 млн 820 мың қазақстандыққа аударылды.  

Серіктес жаңалықтары