3 тамыздан кейін мейрамханалар мен кинотеатрлар ашыла ма – министрдің жауабы

3 тамыздан кейін мейрамханалар мен кинотеатрлар ашыла ма – министрдің жауабы

3 тамыздан кейін мейрамханалар мен кинотеатрлар ашыла ма – министрдің жауабы
ашық дереккөзі
282
3 тамыздан кейін жаппай жиналатын бұқаралық шараларды өткізуге, көңіл көтеретін мекемелерге, кинотеатрлар мен фудкорттарға, банкет залдарының жұмыс істеуіне салынған тыйым күшінде қалады. Бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлім етті.  «Мейрамханалар мен барлар, түнгі және ойын клубтары да әзірге жұмыс бастамайды. Мәдениет нысандарының, музейлердің жұмысы жанданбайды. Конференциялар мен көрмелер, форумдар өткізілмейді. Спорт залдардың, фитнес-орталықтардың, бассейндер мен аквапарк пляждарының, діни нысандардың жұмысы басталмайды. Табиғи жолаушылар пойызы (жұмыс пойыздарын есептемегенде электричкалар) мен қала арасындағы автобустардың қозғалысы жанданбайды», - деді министр. Еске сала кетейік, бұған дейін Алексей Цой 3 тамыздан бастап қандай нысандардың жұмысы жанданатынын айтқан. Сондай-ақ, министр карантин жеңілдетілгеннен кейін қоғамдық көлік қозғалысына қандай талаптар қойылатынын түсіндірді.  

Серіктес жаңалықтары