Қазақстаннан Өзбекстанға өкпені жасанды желдету аппараттарын заңсыз өткізбек болғандар ұсталды

Қазақстаннан Өзбекстанға өкпені жасанды желдету аппараттарын заңсыз өткізбек болғандар ұсталды

Қазақстаннан Өзбекстанға өкпені жасанды желдету аппараттарын заңсыз өткізбек болғандар ұсталды
ашық дереккөзі
303
«Атамекен» кеден бекетінен өтпек болған заңсыз тауарлар ұсталды, деп хабарлайды Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі. Өзбекстан азаматтары Қазақстаннан 5 өкпені жасанды желдету аппаратын шекарадан алып өтпек болған. Олар медициналық жабдықты үш жүк көліктерімен алып бара жатқан. Мақтаарал аудандық прокуратурасының қызметкерлері, «Атамекен» кеден бекетінің және Жетісай 2037 әскери бөлімінің шекара қызметкерлерімен бірлесіп жүргізген жедел іс-шаралар нәтижесінде заңсыз тауардың жолы кесілді. Сонымен қатар, «Б.Қонысбаев» кеден бекетінде кеденшілер ҚР ҰҚК шекара қызметкерлерімен бірлесіп, салмағы 1 грамм гашишке ұқсас зат салынған сөмкесі бар Қазақстан азаматын ұстады. Ол кісі Өзбекстаннан келе жатқан болатын.  

Серіктес жаңалықтары