Қазақстанда ірі қара мал саны қанша – вице-министрдің есебі

Қазақстанда ірі қара мал саны қанша – вице-министрдің есебі

Қазақстанда ірі қара мал саны қанша – вице-министрдің есебі
ашық дереккөзі
395
Елімізде ірі қара мал саны 9 миллионнан асты. Бұл туралы мал және егін шаруашылығының биылғы бірінші жарты жылдықтағы нәтижелерін жариялау барысында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Нұрбек Дайырбеков мәлімдеді.  «2020 жылдың бірінші жарты жылдығында шаруашылықтың барлық санатындағы ірі қара мал саны 4,5%-ға 9 030,9 мың басқа дейін, ұсақ қара мал (қой мен ешкі) 2,0%- ға, яғни 25,0 млн басқа дейін өсті», - деді министрдің орынбасары. Н.Дайырбековтің айтуынша, биыл егін шаруашылығында да айтарлықтай өсім бар. 2020 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы егіс алаңы 22,5 млн гектарды құраған. Бұл өткен жылғы деңгейден 238 мың гектарға артық. Жем–шөп дақылдарының алқаптары 308,6 мың га, майлы дақылдар 142 мың га, бақша дақылдары 7,4 мың га, көкөніс дақылдары 3,9 мың га, картоп 2,5 мың га ұлғайтылған. «Жыл басынан бері кейбір азық-түлік тауарлары бағасының өсуіне келетін болсақ, (картоп - 43,3%, сәбіз - 31,4%, пияз - 20,3%, қарақұмық жармасы – 19%, сары май – 10,2%, қант - 10,7%) бұл олардың өндірісі көлемінің төмендеуімен байланысты емес. Бағаның ауытқуына және өсуіне өндірістің маусымдылығы, тиімсіз делдалдар, өнімнің өзіндік құнына тікелей әсер ететін қызметтер бағасының өсуі, сондай-ақ тұрақсыз жеткізілімдер мен карантин жағдайында күрт өсіп келе жатқан сұраныс сияқты факторлар әсер етеді», - деді вице-министр.  

Серіктес жаңалықтары