– Осы көшеде тұрғаныма 45 жыл болды. Биыл ауламыз абаттанып, асфальт төселеді дегенде қатты қуандық. Дегенмен жұмыс баяу жүріп жатыр. Екінші топ мүгедегімін, қиыршық тастың үстімен жүру қолайсыз, тезірек асфальт төселіп, жұмыстың бітуін қалаймыз, – деді ол.
Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері Орал қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мамандарымен бірлесіп, мән-жайды анықтады. Мамандардың айтуынша, жұмыс жоспарға сәйкес уақытылы жүріп жатыр. 2020 жылдың қыркүйек айында барлық құрылыс толық аяқталуы тиіс. Тұрғындардың уәжін тыңдаған комиссия мүшелері жұмыс қарқынын бақылауға алып, жүйелі түрде қадағалатынын баяндады.
172
"Nur Otan" партиясы Орал тұрғындарының талабы орындалуын бақылауға алды
"Nur Otan" партиясы Орал тұрғындарының талабы орындалуын бақылауға алды
Орал қаласындағы Неусыпова көшесінде орналасқан бірнеше үйдің тұрғындары аулаға төселген қиыршық тастың жүріп-тұруларына қолайсыз болуларына байланысты "Nur Otan" партиясының орталық аппаратына ұжымдық арыз жазған болатын. Осыған орай қалаға қарасты партиялық бақылау комиссиясының мүшелері аталған аулаға барып, арнайы рейд жүргізді.