Акция одан әрі Жаңаөзен қаласында жалғасын тапты. «Jas Otan» жастар қанаты мен еріктілер бірлесіп, қалалық көпбейінді ауруханаға азық-түлік пен жеміс-жидек салынған «Алғыс пакеттері» табыстады.
– «Jas Otan» жастар қанатының бастамасымен дәрігерлерге қол ұшын созып жатырмыз. Бізде осы бастамаға өз үлесімізді қосып, бүгін Жаңаөзен қалалық көпбейінді ауруханасына арнайы келдік. Келудегі мақсатымыз – медицина мамандарына алғыс айту, – деді Жаңаөзен қалалық «Jas Otan» жастар қанатының жетекшісі Рухия Қалдыбай.
Дәрігерлерді қолдау акциясы мұнымен шектелмей, Мұнайлы ауданында жалғасты. Мұнда да «Jas Otan» ЖҚ бастамасымен ауданның белсенді жастары ауданның орталық ауруханасына жеміс-жидек пен тәттілер жеткізді.
– Мұнайлы аудандық провизорлық ауруханасында 40-қа жуық науқас бар. Екі дәрігер мен екі медбике қызмет атқарып жүр. Осы дәрігерлерге алғыс білдіріп, қазіргі қиын уақытта бірге екенімізді жеткіздік, – дейді Мұнайлы аудандық «Jas Otan» жастар қанатының жетекшісі Абай Түзелбай.
Сонымен қатар «Nur Otan» партиясы Қарақия аудандық филиалының мүшелері Қалмырза Бүркітов пен Бақтыгерей Дүсіпов Жетібай ауылындағы провизорлық орталыққа 15 оттегі баллонын жеткізіп, 20 дәрігерді қажетті азық-түлікпен қамтамасыз етті. Одан бөлек аудан «Жетібаймұнайгаз» ЖШС демеушілігімен арнайы су шашатын техникалар бөлініп, короновирус инфекциясының алдын алу мақсатында ауылдағы аурухана айналасын, ауылдың орталық алаңы мен көшелерін дизенфекциялау жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ «Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының мүшесі Қуанышбек Абдрахман Құрық және Жетібай ауылдарындағы провизорлық стационарларға 8 дана пульсоксиметр мен дәрі-дәрмектер жеткізді. Мұндай игі шаралар алдағы уақытта да жалғасын таппақ.
Сонымен бірге аймақта дәрі тапшылығы мен оның негізсіз қымбаттауын болдырмау мақсатында дәріханалар бақылауға алынды. Жаңаөзен қаласында партиялық бақылау комиссиясының мүшелері мен «Jas Otan» Жастар Қанатының өкілдері, қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімінің мамандары бірлесіп, Самал шағын ауданындағы дәріханаларға мониторинг жүргізді. Тексеріс кезінде дене қызуын түсіретін парацетамол мен антибактериалдық бірқатар дәрілердің тапшылығы әлі де бар екені анықталды. Алайда кейбір дәріханаларда аталған дәрілердің орнын алмастырушы препараттар табылды. Жұмыс тобы алдағы уақытта дәрі-дәрмек қорын қадағалап отыратынын жеткізді.
Бүгінгі күні облыс орталығындағы iрi фармецевтикалық фирмаларға кезек күттiрмейтiн қажеттi дәрiлердiң жеткізіліп, «Стофарм», «Аманат», «Iңкәрфарм», «Эмити» және «Медсервис» фирмаларымен келісімшарт жасалған. Алдағы уақытта да дәріханалардағы дәрі-дәрмектер құны жіті қадағаланып, дәрілердің жеткізілуін реттеу басты назарда болмақ.
366
Нұротандықтар маңғыстаулық дәрігерлерді қуантты
Нұротандықтар маңғыстаулық дәрігерлерді қуантты
«Nur Otan» партиясының бастамасымен әр өңірде науқастардың өмірі үшін күресіп жатқан дәрігерлерге көмек көрсету мақсатында «Дәрігерлерге мың алғыс!» акциясы бастау алған болатын.