Ел емханаларында жоспарлы медициналық көмек көрсету қашан басталады

Ел емханаларында жоспарлы медициналық көмек көрсету қашан басталады

Ел емханаларында жоспарлы медициналық көмек көрсету қашан басталады
ашық дереккөзі
286
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 1 тамыздан бастап халыққа жоспарлы медициналық көмек көрсету жоспары әзірленді. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Басқарма төрағасы Болат Төкежанов мәлім етті.  Қор басшысының айтуынша, бірінші кезекте COVID-19 қарсы  күрес жөніндегі іс-шараларға қатыстырылмаған стационарларды кезең-кезеңмен іске қоса отырып, республикалық деңгейдегі мамандандырылған клиникаларда, монопрофильді клиникаларда жоспарлы емдеуге жатқызу қалпына келтіріледі. Қатерлі вирустың таралуы салдарынан көптеген жоспарлы қызмет кейінге қалдырылғандықтан, мамандар  медициналық қызметтерге деген сұраныс айтарлықтай өседі деп болжап отыр. Осыған байланысты медициналық көмекті қаржыландыру жоспарына түзетулер енгізілуде. Қордың болжамы бойынша, үшінші тоқсанда жоспарлы көмек көлемі МӘМС жүйесін енгізу кезінде көзделгендей, жыл басындағы деңгейге дейін өсуі мүмкін. Биыл  бірінші тоқсанда тәулік бойғы стационарларда 827 мың пациентке мамандандырылған медициналық көмек көрсетілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 15 пайызға артық, жоспарлы емдеуге жатқызу 79 пайызға артты. Медициналық оңалту көлемі 35 пайызға  көбейді, бұл ретте инсульттан кейін пациенттерді қамту 2,3 есеге өсті. Жалпы алғанда, елімізде әрбір 3-ші пациент бірінші тоқсанда МӘМС қаражаты есебінен емделген. Болат Төкежанов Қор пациенттер алдындағы өзінің іске аспай қалған міндеттемелеріне қайта оралатынына сендірді. Еске сала кетейік, бұған дейін «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Басқарма төрағасы елімізде коронавирус жұқтырғандарды емдеуге арналған тарифтер әзірленгенін мәлімдеген еді. Сондай-ақ, ол наурыздан медицина қызметкерлерінің еңбекақысына қосымша 32 млрд теңгеден астам қаржы төленгенін айтты.

Серіктес жаңалықтары