Елімізде үш айда 150 мың адам коронавирус пен пневмониядан емделді

Елімізде үш айда 150 мың адам коронавирус пен пневмониядан емделді

Елімізде үш айда 150 мың адам коронавирус пен пневмониядан емделді
ашық дереккөзі
150
 2020 жылдың наурыз-маусым айларында стационарларда коронавирус пен  пневмонияға шалдыққан 150 мың науқас емделді, ол үшін әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры ауруханаларға 9 млрд.теңгеден астам қаржы төледі. Бұл ретте маусым айында наурыз айымен салыстырғанда төсек-күннің жалпы саны 8 есеге, жұқпалы аурулар саны 23 есеге өсті. Сондай-ақ, провизорлық стационарларда төсек-күн саны айтарлықтай өсті: наурыз айында 21 мыңнан 100 мың төсек-күнге дейін. Медициналық көмектің сапасын жақсарту үшін шілде айында медициналық ұйымдар үшін тариф көтерілді. Енді Қор провизорлық стационарда әрбір төсек-күн үшін – 22 мыңнан астам теңге, тәулік бойы стационар  үшін - 32 мыңнан астам теңге, науқасты анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде емдегені үшін – төсек-күнге 70 мың теңге шамасында төлейді. «Аталған қызметтердің тарифін көтеру   арқылы Қор жеткізушілерінің санын көбейтуге, коронавирус пен пневмонияға шалдыққан пациенттерді емдеуге жеке ауруханаларды белсенді тартуға, сондай-ақ стационарлардағы медициналық көмектің сапасын ынталандыруға болады", - деді ӘМСҚ басшысы Болат Төкежанов. Сондай-ақ, медициналық сақтандыру қоры стационарлардағы көрсеткіштер мен емхана дәрігерлерінің жолдамасы бойынша ПТР әдісімен 300 мыңға жуық зерттеу үшін 3,5 млрд теңгеден астам сомаға төлем жүргізді. Коронавируспен күрес шараларына жалпы  56,7 млрд теңге бөлінді. Халыққа көмек көрсету үшін 630 жеткізушімен, оның ішінде 13,4 млрд.теңге сомасына медициналық көмек көрсетуді қоса алғанда, стационарларда емделуге, ерекше еңбек жағдайлары үшін медицина қызметкерлеріне қосымша ақы төлеуге – 38,1 млрд. теңге, ПТР-диагностикаға – 5,2 млрд. теңге шарт жасалды.

Серіктес жаңалықтары