172
COVID-19: Ресейде індет құрбандарының саны 13 мыңнан асты
COVID-19: Ресейде індет құрбандарының саны 13 мыңнан асты
Ресейде өткен тәулікте 5765 адамнан коронавирус анықталды. Бұл туралы елдегі індеттің таралуын бақылау жөніндегі жедел штаб хабарлады.
Штаб мәліметінше, індет жұқтырудың жаңа жағдайлары елдің 83 өңірінде анықталған. Бір тәулік ішінде 77 адам көз жұмып, 3110 адам емделіп шықты. Пандемия басталғалы Ресейде коронавирусқа шалдыққандардың жалпы саны 812 485-ке жетіп отыр. Індет құрбандарының саны – 13 269. Емделіп шыққандар саны – 600 250.
Бұған дейін Ресейдің Денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашко коронавирусқа қарсы вакциналау ерікті түрде жүргізілетінін мәлімдеген. Оның айтуынша, екпен әуелі медицина қызметкерлеріне, сондай-ақ, қоғамдық орындарда қызмет ететін азаматтарға салынбақ.
Еске сала кетейік, жуырда коронавирусқа қарсы ресейлік вакцинаның клиникалық сынағы сәтті аяқталған болатын.