Ерлан Қарин: Балаларға зорлық-зомбылық көрсеткендер 20 жылға дейін немесе өмір бойына сотталады

Ерлан Қарин: Балаларға зорлық-зомбылық көрсеткендер 20 жылға дейін немесе өмір бойына сотталады

Ерлан Қарин: Балаларға зорлық-зомбылық көрсеткендер 20 жылға дейін немесе өмір бойына сотталады
ашық дереккөзі
327
Балаларға қатысты зорлық-зомбылықпен күрес – мемлекет үшін басым бағыттардың бірі. Бұл пікірді ҚР Президентінің кеңесшісі Ерлан Қарин айтты. «Соңғы оқиғаларға байланысты желі пайдаланушылары балаларға жасалған зорлық-зомбылыққа жазаны күшейту керек деп жазып жүр. Шын мәнінде мұндай шаралар Мемлекет басшысының бастамасымен өткен жылы қабылданған еді. Президент 2019 жылдың 2 қыркүйегінде Қазақстан халқына арналған алғашқы Жолдауында сексуалдық зорлық-зомбылық, педофилия, есірткі тарату, адам саудасы, әйелдерге қарсы тұрмыстық зорлық-зомбылық және жеке адамға, әсіресе балаларға қарсы басқа да ауыр қылмыстар жазасын жедел түрде қатаңдатуды тапсырды», - деп жазды Ерлан Қарин өзінің Телеграм парақшасында. Президент кеңесшісі тиісті заң жобасының күзде Парламентке түскенін атап өтті. Ал 30 желтоқсанда Президент «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру және жеке адам құқықтарының қорғалуын күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды және ол 2020 жылдың 1 қаңтарында күшіне енді. «Заңның жаңа нормаларына сәйкес, орташа ауырлықтағы зорлық-зомбылық қылмысы ауыр қылмыс санатына ауыстырылды. 14 жасқа толмаған балаларға зорлық-зомбылық үшін 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе өмір бойы қамау жазасы көзделеді. Одан бөлек, педофилия фактілерін жеткізбеу, жасыру, бұрмалау үшін де жауапкершілік белгіленген. Бұл енді 6 жылға дейін бас бостандығынан айыруы мүмкін ауыр қылмыс болады. Балаларға қатысты зорлық-зомбылықпен күрес мәселесі - біздің мемлекет үшін басым бағыттардың бірі», - деді Ерлан Қарин.  

Серіктес жаңалықтары