Emirates ұшақтарында коронавирус жұқтырғандарға 150 мың еуродан төленеді

Emirates ұшақтарында коронавирус жұқтырғандарға 150 мың еуродан төленеді

Emirates ұшақтарында коронавирус жұқтырғандарға 150 мың еуродан төленеді
ашық дереккөзі
306
Біріккен Араб әмірліктерінің Emirates әуе компаниясы өз ұшақтарында сапарлау барысында коронавирус жұқтырған жолаушылардың емделу шығынын өтеп бермек.  Компанияның хабарламасына сүйенсек, бірлестіктің ұшағымен сапарлап, қатерлі вирус жұқтырып алған кез келген адамға 150 мың еуро көлемінде өтемақы төленеді. Сондай-ақ, індетке шалдыққандар 2 апталық карантиннің әр күні үшін компаниядан 100 еуро талап ете алады. Emirates бұл шара арқылы саяхатшылардың халықаралық сапарларға сенімділігін арттыруға ниетті. Өтемақы биылғы жылдың 30 қазанына дейін төленеді. Денсаулығына келтірілген залал үшін кез келген санаттағы жолаушы 31 күннің ішінде өтемақы талап етуге құқылы. Айта кетейік, пандемия басталғалы Біріккен Араб әмірліктерінде 58 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырған. Індеттен 343 адам көз жұмды.

Серіктес жаңалықтары