228
«Халыққа химиялық у шашылып жатыр»: Жалған ақпарат таратқан қостанайлық ұсталды
«Халыққа химиялық у шашылып жатыр»: Жалған ақпарат таратқан қостанайлық ұсталды
Әлеуметтік желіде «халыққа химиялық у шашылып жатқаны» жөнінде жалған ақпарат таратқан әйел анықталды.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, 44 жастағы Қостанай қаласының тұрғыны Instagram желісінде қатерлі індеттің қайдан шыққанын айтып, халыққа химиялық у шашылғанын жария еткен.
«Әйел әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы жалған ақпарат таратқан. Оның видеожазбасы бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында тексерілді. Қазір оған қатысты ҚР ҚК 274-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Бұл бап қасақана жалған ақпарат тарату қылмысы үшін жазаға тартуды көздейді», - деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.