Карантин қандай жағдайда жеңілдетіледі

Карантин қандай жағдайда жеңілдетіледі

Карантин қандай жағдайда жеңілдетіледі
ашық дереккөзі
161
Тұрғындар санитарлық талаптар мен әлеуметтік қашықтықты қатаң сақтап, өңірдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақтанған жағдайда карантинді жеңілдету мәселесі қарастырылады, –деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі. Атырау облысының бас мемлекеттік санитар дәрігері Сәдуақас Байғабыловтың айтуынша, қазіргі уақытта шектеу шаралары, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары мен зертханалық зерттеулер көлемін бөлудің нәтижесінде аймақта эпидемиологиялық жағдай тұрақтануда. «Жалпы алғанда, коронавирус инфекциясын жұқтырғандар ішінде Теңіз кен орны қызметкерлерінің үлесі –40 пайыз. Сонымен бірге, бізде шілде айының алғашқы жартысында орташа өсім 3,5 пайыздан 5%, тіпті 10 пайызға дейін барды. Бүгінде бұл көрсеткіш 1,5%-дан 2%-ға дейін төмендеді. Тәулігіне орта есеппен 40-160-тан бастап 190-200 жағдай тіркеліп отыр. Егер тұрғындар шектеу шараларын, сондай-ақ, әлеуметтік қашықтықты сақтаса, 3 тамыздан кейін карантин шараларын жеңілдету мәселесі қаралады», – деді Сәдуақас Байғабылов.

Серіктес жаңалықтары