«Jas Otan» жастары дәрігерлерге шұбат-қымыз ұсынып, жеміс-жидек себеттерін таратуда

«Jas Otan» жастары дәрігерлерге шұбат-қымыз ұсынып, жеміс-жидек себеттерін таратуда

«Jas Otan» жастары дәрігерлерге шұбат-қымыз ұсынып, жеміс-жидек себеттерін таратуда
ашық дереккөзі

Алматы облысы «Jas Otan» жастар қанатының мүшелері коронавирус инфекциясымен күресіп жатқан медицина қызметкерлерін қолдап, Талдықорған қаласындағы облыстық аурухана дәрігерлеріне қымыз бен шұбат ұсынып, жеміс-жидек себеттерін таратуды бастады. «Jas Otan» жастар қанатының ұйымдастыруымен жалғасатын шара Талдықорған қаласындағы жұқпалы аурулар ауруханасының дәрігерлеріне 50 литр қымыз, 50 литр шұбат сусынын тегін жеткізіп берумен басталды. Әрі сырқаттанған медицицна қызметкерлерінің үйіне жеміс салынған себет жеткізілді. Бұл игі шара облыстың барлық ауданында қолға алынды. – Еліміздегі қазіргі жағдайда коронавирус инфекциясымен күресіп жатқан ақ халатты абзал жандардың еңбегі зор. Осындай қиын кезеңде инфекциямен күресуге жұмылған дәрігерлерге қазақтың ұлттық сусыны мен денсаулыққа пайдасы зор жеміс-жидек салынған қораптарды тегін жеткізіп береміз. Бұл іске жастар ерікті түрде қосылып, өз үлесін қосып жатыр. Сондай-ақ, дәрі-дәрмектің тапшылығына байланысты туындаған кезекті болдырмау үшін, еріктілер тобы тапсырыс берген науқастың өтінішін орындауға кірісті. Яғни, біз дәріханадан қажетті препаратты алып, науқастың үйіне дейін жеткізіп береміз. Әрі жедел желі арқылы қажетті дәріні қай жерден табуға болатынын анықтап, кеңес беруді де бастадық, – дейді  «Jas Otan» жастар қанаты Алматы облыстық филиалының жетекшісі Еркебұлан Ақболатов.