371
Нобель сыйлығын табыстау рәсімі өзгеше өтеді
Нобель сыйлығын табыстау рәсімі өзгеше өтеді
Нобель сыйлығының қаржысы мен әкімшілігін басқарушы қордың мәлімдеуінше, 2020 жылғы Нобель сыйлығын табыстау салтанатына коронавирус пандемиясына байланысты біраз өзгерістер енгенін хабарлады. Бұл туралы ӨзА хабарлайды.
Нобель қорының хабарламасында «Биылғы жылы Нобель апталығы көптеген адамдардың бір жерге жинала алмайтынына және басқа елдердің лауреаттары Швеция мен Норвегияға келе ала ма, жоқ па деген белгісіздікке байланысты жаңа форматты өтетін болады», – делінген.
Марапаттау рәсімінің жаңа форматына сәйкес, Нобель сыйлығын табыстау салтанатына лауреаттардың ешқайсысы қатыса алмаса да бұл шараны өткізуге үміт артып отыр.
Сонымен қатар, 2020 жылы Стокгольм мэриясындағы дәстүрлі банкет шарасы да өтпейтіні айтылған.