Майк Тайсон мен Рой Джонс жекпе-жекке шығатыны анық болды

Майк Тайсон мен Рой Джонс жекпе-жекке шығатыны анық болды

Майк Тайсон мен Рой Джонс жекпе-жекке шығатыны анық болды
ашық дереккөзі
210
Аты аңызға айналған әйгілі боксшылар арасындағы тарихи жекпе-жек 12 қыркүйек күні АҚШ-тың Калифорния штатында төрешілерсіз өтетін болды. Бұл туралы ӨзА хабарлайды. CSAC басшысы Энди Фостер Майк Тайсон мен кіші Рой Джонс жекпе-жек шоуының негізгі ережелерін жариялады.
Оның айтуынша, 8 раундқа жоспарланған бұл бокс кешінде ұпай санын есептеуші төрешілер болмайды. Олар рингте бас киімсіз 12 унциялық қолғаппен жұдырықтасады. Бұл жекпе-жекте олар айтарлықтай қомақты қаржы алуы мүмкін. Алайда қайсыбірінің жүзінен қан шыққан жағдайда бокс тоқтатылады, – дейді CSAC басшысы.

Серіктес жаңалықтары