250
1 тамыздан бастап Ресейде халықаралық әуе рейстері жанданады
1 тамыздан бастап Ресейде халықаралық әуе рейстері жанданады
Ресей 1 тамыздан бастап халықаралық әуе рейстерін жандандырады. Бұл туралы премьер-министр Михаил Мишустин мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС.
«Халықаралық әуе рейстерін жандандыру туралы шешім қабылданды, соған қарамастан біз эпидемиологиялық жағдайды, ауру көрсеткіштерін басты назарда ұстаймыз», - деді Үкімет басшысы министрлер кабинетінің отырысында.
Премьер-министрдің айтуынша, 1 тамыздан бастап Мәскеу, Мәскеу облысы, Дондағы Ростов пен Санкт-Петербург әуежайларынан халықаралық рейстер іске қосылады.
Айта кетейік, Ресейде соңғы тәулікте 5811 адамнан коронавирус анықталып, індет жұқтырғандардың жалпы саны 800 мыңнан асты. Қатерлі вирустан 13 046 науқас көз жұмды.