Той жасауды тоқтатпай отырған аймақтар аталды

Той жасауды тоқтатпай отырған аймақтар аталды

Той жасауды тоқтатпай отырған аймақтар аталды
ашық дереккөзі
285
ҚР бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова карантинге қарамастан той жасалып жатқан өңірлерді атады. «Жаппай халық жиналатын шараларға тыйым салынса да, кей тұрғындар үйлену, қыз ұзату, туған күн өткізуді тоқтатар емес. Бұл инфекция жұқтыру мен оның таралу қаупін тудырады.Мұндай заңбұзу фактілері Алматы қаласында, Түркістан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Павлодар, Алматы облыстарында анықталды. Барлық мереке ұйымдастырушыларға айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданылды», - деді Айжан Есмағамбетова. Айта кетейік, бұған дейін Батыс Қазақстан облысында той өткізген тұрғындарға 1,5 млн теңге айыппұл салынғанын хабарлағанбыз. Әділет министрі Марат Бекетаев карантин кезінде той жасағандардың үстінен қылмыстық іс қозғалуы да мүмкін екенін ескертті.

Серіктес жаңалықтары