«Nur Otan» алматылық дәрігерлер тұрып жатқан нысандарды тексерді

«Nur Otan» алматылық дәрігерлер тұрып жатқан нысандарды тексерді

«Nur Otan» алматылық дәрігерлер тұрып жатқан нысандарды тексерді
ашық дереккөзі
198
Партияның Алматы қалалық филиалының Партиялық бақылау комиссиясы медицина қызметкерлерінің уақытша тұрып жатқан орындарына мониторинг жұмыстарын жүргізді. Жұмыс тобының құрамында Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері, СЭС басшылығы, аудандық әкімдіктердің, Қоғамдық денсаулық басқармасының өкілдері және тағы басқалар бар. Комиссия мүшелері дәрігерлердің тұру, тасымалдау және тамақтану жағдайларын тексерді.  width= Партиялық бақылау комиссиясы бұл жолы екі қонақ үй кешені мен бір жатақханаға барып, жағдаймен танысты. Осыдан сәл бұрынырақ та бұл жерлерге бақылау жасалған және карантин кезінде санитарлық норманың сақталмауына байланысты бірқатар кемшіліктер байқалып, ескерту жасалған. – Мониторингтік топ осы жылдың 7 мамырынан бері жұмыс істеп келеді. Біз бұл нысанға бірінші рет келіп отырған жоқпыз. Бұл жолғы тексеру барысы бізді қуантып отыр. Бұдан бұрын жасалған ескертудің бәрі ескеріліп, ретке келтірілген. Нәтиже бар. Санитарлық нормалар қатаң сақталған, ғимаратқа дезинфекциялау жұмыстары дер кезінде жасалып, адамдардың дене қызуы өлшеніп, ол арнайы журналға жазылып тұр. Дәрігерлердің жұмыстан кейін алаңсыз тынығып, қайта күш жинауына бар жағдай жасалған. Медқызметкерлерге арналған бөлмелерді тексеру барысында біздің бұған көзіміз жетті. Дәрігерлер де жасалып жатқан жағдайға көңілдері толатынын білдіріп, алғысын айтып жатыр, – деді Алматы қаласы мәслихатының депутаты, «Nur Otan» партиясының Алматы қалалық филиалының Партиялық бақылау комиссиясы мүшесі Нурия Ниязова. Мәслихат депутатының айтуынша, қазіргі таңда қала басшыларының бастамасымен және қалалық бюджет есебінен шаһардағы көптеген қонақ үйлер мен бірқатар студенттер жатақханалары медқызметкерлердің уақытша тұратын мекеніне айналған. Алғашында дәрігерлер мен олардың отбасының қауіпсіздігі үшін медқызметкерлерді арнайы орынға жайғастыруда бірқатар қиындықтар болған. Қазір оның бәрі артта қалды. Қонақ үй кешендері мен жатақханалар барлық санитарлық нормаларды сақтап, жағдайға тез бейімделді. – Жұмыста қызыл аймақтан шыққан кезде ешкім үйіне барғысы келмейді. Үйде бала бар, қария бар, жақындары бар деген сияқты. Мұнда бізге ыңғайлы. Біздің қиындықсыз жұмыс істеуіміз үшін барлық жағдай жасалған. «Қонақ үй де екінші үйімізге айналды» деп бір-бірімізге қалжыңдап қоямыз» деді Қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасының педиатр дәрігері Мағжан Тұрлы. Жұмыстарын аяқтаған дәрігерлер қонақ үйге келген сәтте дене қызулары өлшенеді. Одан кейін артық жүріс жасамастан бірден осындай оқшаулау бөлмелеріне кіреді. Бір бөлмеде екі дәрігерден тұрады. Олар үшін барлық жағдай жасалған. Мұнда теледидар мен тоңазытқышқа дейін қарастырылған.    width= – Медициналық қызметкерлер әр күн сайын өз өмірлерін қатерге тігеді. Олар өз жақындарына қатерлі індетті жұқтырып алудан қорқады. Сол себепті дәрігерлерді қонақ үйлер мен жатақханаларға жайғастыру үшін шешім қабылданды. Оларға барынша жағдай жасау жағы қарастырылған, үш мезгіл тамақ беріп, тасымалдау жұмыстары ұйымдастырылған. Біздің мониторингтік топ бұл мәселені мұқият бақылауда ұстап отыр және ол нәтижесіз емес екенін байқауға болады. Бүгінгі тексеру барысында айтарлықтай ескертулер болған жоқ, бұл бізді қуантып отыр. Тағы бір мәселені айта кету керек, біз осылайша бір жағынан бизнесті де қолдап отырмыз. Карантин жағдайында қонақ үйлер жұмыс істеуге мүмкіндік алды. Оларда 100 пайыз адам толық деуге болады, мұндай жағдай қалыпты кездердің өзінде болмас, – деді Нұр Отан ХДП Алматы филиалы жанындағы қоғамдық кеңес төрағасы Борис Жаппаров. Партиялықтардың айтуынша, медициналық қызметкерлердің қалай тұрып жатқанына мониторинг жүргізу карантин режимі аяқталғанға дейін жалғасады.

Серіктес жаңалықтары