Нұротандықтар ауруханаға қажетті жабдықтарды алып берді

Нұротандықтар ауруханаға қажетті жабдықтарды алып берді

Нұротандықтар ауруханаға қажетті жабдықтарды алып берді
ашық дереккөзі
214
Павлодар облысының партия мүшелері аймақтың провизорлық госпитальдарына көмек көрсетуді жалғастыруда. 22 шілде күні «Nur Otan» облыстық мәслихатындағы депутаттық фракция басшысының орынбасары Марина Стрелковская, қалалық мәслихаттағы депутаттық фракция басшысы Қобланбек Қожин және қалалық филиалдың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы Виктор Пряхин №3 қалалық аурухана базасындағы провизорлық госпитальге көмек көрсетті. Депутаттар қажетті медициналық жабдықтар – 5 небулайзер аппараты, емделушілерге арналған 3 мүгедек арба және 10 кушетка табыстады. Бұл медициналық жабдықтар депутаттар мен қала кәсіпкерлерінің есебінен сатып алынды. — «Біз біргеміз!» партиялық акциясы аясында барлық деңгейдегі депутаттар, кәсіпкерлер, партия мүшелері қайырымдылық көмек көрсетуге белсенді қатысты. Бүгінгі таңда партиялықтар облыстың барлық провизорлық госпитальдарына көмек көрсетті, - деп атап өтті облыстық мәслихаттағы депутаттық фракция басшысының орынбасары Марина Стрелковская. — Мен барлық депутаттарды, кәсіпкерлерді, бей-жай емес партиялықтарды осы жұмысқа қосылуға және қолдауымызға өте мұқтаж біздің дәрігерлерімізді қолдауға шақырамын. Павлодар облысының партияластары бірлесіп медициналық мекемелерге қажетті жабдықтарды, Бобров аппараттарын, кір жуу машиналарын, ӨЖЖ аппараттарын, дәрілік препараттарды және т.б. дәрі-дәрмектерді табыстады.  width= — Бүгін қалалық мәслихат депутаттары мен қала кәсіпкерлері №3 аурухана базасындағы провизорлық госпитальға медициналық құрал-жабдықтар түрінде көмек көрсетті. Осындай игі істі өңіріміздің  депутаттары мен бизнесмендері тұрақты түрде жүргізуде. Бүгінгі күні Павлодар қаласының депутаттары мен бизнесмендері жалпы сомасы 20 миллион теңгеден астам қаражатқа қаламыздың госпитальдарына дәрі-дәрмектермен, жабдықтармен, ауыз сумен көмек көрсетті, - қалалық мәслихаттағы депутаттық фракцияның басшысы Қобланбек Қожин атап өтті. — Қазіргі таңда Павлодар облысындағы фракция депутаттары қалалар мен аудандардың дәріханаларында дәрі-дәрмек препараттарының бағасына тұрақты түрде мониторинг жүргізеді, сондай-ақ өңірге келіп түскен гуманитарлық көмектің жеткізілуіне бақылау жүргізеді, - деді қалалық филиалдың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы Виктор Пряхин.  width= Елімізде карантин басталған уақыттан бері облысымыздың партияластары көмекке зәру жерлестеріне күн сайын көмек көрсетуде. Мысалы бүгін «Біз біргеміз!» партиялық акциясы аясында партияның кадрлық резервінің мүшесі, Екібастұз қаласының танымал музыканты Нұрлан Ахметбаев қаланың провизорлық госпитальдың медицина қызметкерлеріне ыстық ас дайындауды қолға алды. Ақ халатты абзал жандардың көңілін ауламақ ниетте жасалған игі істі «Maestro» мейрамханасының ұжымы қолдап, бүгінде олар күнделікті 70 адамды түскі аспен қамтамасыз етіп отыр.  width= — Көмек қолын созып, жақыныңа жәрдемдесу үшін ерекше ештеңе керек емес. Ең бастысы, ниет болу керек, — дейді Нұрлан Ахметбаев. Нұротандықтар жасы мен мамандығы, қызметі мен қызығушылығы әртүрлі адамдар болғанымен, олардың тілегі бір — жақынына жанашыр болу.

Серіктес жаңалықтары