Алматыда пневмонияға шалдыққандар саны 2 есе азайды

Алматыда пневмонияға шалдыққандар саны 2 есе азайды

Алматыда пневмонияға шалдыққандар саны 2 есе азайды
ашық дереккөзі
167
Алматы ауруханаларына пневмониямен түсетіндер қатары 2 есе азайды. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Камалжан Надыров мәлімдеді.  «Блокпостарды алып тастағаннан кейін ауырғандар саны саны өсті. Бүгінгі күні жағдай тұрақталып келеді. Егер маусымда пневмониямен емдеуге жатқызылғандардың саны тәулігіне 300 адамға дейін жеткен болса,онда қазір емдеуге жатқызулар саны 2 есеге төмендеді және тәулігіне 133 адамнан аспайды» , - деді басқарма басшысы онлайн брифингте. К.Надыровтың сөзінше, жедел жәрдем қоңыраулары да азайған. Егер аурушаңдықтың шарықтау шегінде (маусымның соңы – шілденің басы) шақырулар саны 3000-ға дейін жеткен болса, бүгінгі күні бұл көрсеткіш 1800 жағдайға дейін төмендеген. Айта кетейік, пандемия басталғалы Алматыда 9635 адамнан коронавирус анықталды. Науқастардың 5,7 мыңы індеттен айықса, 73-і көз жұмды. Ал республика бойынша соңғы тәулікте  1685 адамнан коронавирус анықталып, індетке шалдыққандардың жалпы саны 75 мыңнан асты. Қатерлі вирустан 585 науқас қайтыс болды.  

Серіктес жаңалықтары