274
«Дәрі тапшылығы шешімін тапқан»: «Nur Otan» Қызылорда облысындағы дәріханаларды тексерді
«Дәрі тапшылығы шешімін тапқан»: «Nur Otan» Қызылорда облысындағы дәріханаларды тексерді
«Nur Otan» партиясының Қызылорда облыстық филиалы облыс көлеміндегі дәріханаларда дәрі-дәрмек бағасының тұрақтылығын сақтау мақсатында мониторинг жұмыстарын жүргізуде.
2020 жылдың 22 шілде күні Қармақшы, Жаңақорған, Қазалы аудандарының орталығындағы дәріханаларға Партиялық бақылау комиссиясы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мүшелерімен бірге мониторинг жұмысы жүргізілген. Мониторинг нәтижесі бойынша тұрғындар тарапынан дәрі-дәрмекке сұраныстың азайғаны аңықталды. Дәрі-дәрмек тапшылығы өткен апталармен салыстырғанда шешімін тапқан.
Дәріхана меңгерушілері тұрғындарға дәрілердің тек рецептпен босатылатынын және өз тарапынан сатылымда жоқ дәрілердің орнына балама нұсқаларын ұсынып жатқандарын жеткізді.
Мониторингтік жұмыстың мақсаты дәріханалардағы қажетті дәрі-дәрмектердің негізсіз қымбаттауына жол бермеу, кезегін күтіп тұрған тұрғындар арасында арақашықтық сақталуын бақылау, қызмет көрсетушілер мен қызмет алушылардың бетперделік режимін сақтау, антисептикалық құралдар мен қолғаптарды міндетті түрде пайдалану.
Карантин режимін және санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың қатаң сақталуын қадағалау облыстық партия филиалының тікелей бақылауына алынды, тиісті мониторинг жұмыстары жалғаса беретін болады.
«Абзал және Компания» ТС короновирус індетіне қарсы күресте бірқатар емдеу мекемесі мен ұйымына дәрі-дәрмек, қорғаныс құралдары, азық-түлік жеткізу бойынша алдыңғы шепте жүрген ұжым. Ұжым Қызылорда облысының медицина қызметкерлеріне қолдауын жалғастыруда. Мәселен, компания қызметкерлерінің атынан Сырдария аудандық орталық ауруханасына гуманитарлық көмек жеткізілді, оның ішінде 1 оттегі концентраты, 125 кг янтарь күріші, 600 литр «Safia» ауызсуы бар.
Айтулы шараға аудан әкімі, аудандық партия филиалының төрағасы Р.Рүстемов, аудандық емхана бас дәрігері міндетін атқарушы А.Искендирова және «Абзал және Компания» ТС директоры, «Jas Otan» ЖҚ Орталық кеңесі мүшесі М.Ералиев қатысты. «Ізгілік пен парасаттылық, таза ниет пен адамгершілік сынға түскен уақытта жасалған компания қызметкерлерінің қайырымдылық ісі әлі де жалғасын таппақ», –дейді серіктестік төрағасы.