Партиялықтар Көкшетау дәрігерлерін қуантты

Партиялықтар Көкшетау дәрігерлерін қуантты

Партиялықтар Көкшетау дәрігерлерін қуантты
ашық дереккөзі
280
Көкшетауда «Ақ халатты абзал жандарға мың алғыс» акциясы бастау алды. Қайырымдылық акциясы аясында «Адал жол» бастауыш партия ұйымының мүшелері, қаланың мәдениет қызметкерлері Ақмола облыстық туберкулезге қарсы диспансерге, Ақмола облыстық көпсалалы ауруханасының тері-венерологиялық диспансеріне, Көкшетау қалалық Медицина колледжі базасындағы провизорлық стационарға тәттілер салынған сөмкелер мен 500 литр ауыз су жеткізді.  width= «Қайырымдылық акциясын бастау арқылы біз қазіргі күрделі жағдайда індетпен күресіп жатқан жандарға жылулық сыйлағымыз келді. Тек күш біріктіру арқылы ғана біз қатерлі вирусты жеңіп, қалыпты өмірге орала аламыз», - дейді Көкшетау қалалық мәдениет басқармасының басшысы Айгүл Сәбитова.  width= Жалпы, өңір кәсіпкерлері мен меценаттарының ақ халаттыларға қолдауы ерек. Коронавирус пандемиясы қайырымдылық бастамаларының көбеюіне ықпал етті. Әлемнің түкпір-түкпірінде еріктілер тобы құрылып, мұқтаж азаматтарға дәрі-дәрмек, азық-түлік жеткізіп жатқанын, ірі компаниялар індетпен күреске милииондаған қаржы аударып жатқанын күнделікті естіп, көріп отырмыз. Мәселен, Ақмола облыстық мәслихатының депутаты Максим Божко жетекшілік ететін компаниялар тобы Елбасы бастамасымен қолға алынған «Biz Birgemiz» акциясына қатысып, мұқтаж азаматтарға азық-түлік және қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етуге атсалысты.  «Шаңырақ басқарушы компаниясы» ЖШС мамыр-шілде айларында бұл мақсаттарға 3,5 миллион теңге жұмсады. Әлеуметтік көмекпен 70 отбасы қамтылды.

Серіктес жаңалықтары