Доминикан Республикасында коменданттық сағат енгізілді

Доминикан Республикасында коменданттық сағат енгізілді

Доминикан Республикасында коменданттық сағат енгізілді
ашық дереккөзі
202
Коронавирус індетінің таралу қарқыны артуына байланысты Доминикан Республикасында бүгіннен бастап коменданттық сағат енгізілді. Жергілікті билік шешімі бойынша кешкі 7-8-ден таңғы беске дейін тұғындарға сыртқа шығуға тыйым салынады. Бұл уақыт аралығында тек дәрігерлер, қауіпсіздік қызметі, БАҚ өкілдері мен кейбір компания қызметкерлері ғана көшеде жүру мүмкіндігіне ие. Коменданттық сағат 20 күнге жалғаспақ. Пандемия басталғалы Доминикан Республикасында 55 мыңға жуық адамнан коронавирус анықталған. Індеттен 999 науқас көз жұмды. Латын Америкасындағы өзге мемлекеттерінде де эпидемиологиялық ахуал көңіл көншітпейді. Бүгінде аймақтың 4 бірдей мемлекеті коронавирусты жұқтырғандар саны бойынша әлемнің алғашқы ондығына енді. 2,1 миллионнан астам тұрғыны қатерлі вирус жұқтырған Бразилия АҚШ-тан кейінгі екінші орында.

Серіктес жаңалықтары