495
1,2 миллионнан астам қазақстандық 42,5 мың теңге алды
1,2 миллионнан астам қазақстандық 42,5 мың теңге алды
1,2 млн-нан астам қазақстандық 42 500 теңге көлеміндегі біржолғы төлемді алды. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«22 шілде сағат 9.00-дегі жағдай бойынша шілде айында шектеу шараларын енгізуге байланысты табысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан ең төменгі жалақы – 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындауға азаматтардан 1 млн 730 мың өтініш қабылданды. Төлем 1 млн 309 мың адамға тағайындалды. Ақшалай қаражат 1 млн 122 мың қазақстандыққа аударылды», делінген хабарламада.
1 миллион 730 мың өтінімнің ішінде:
– 782,87 мың адам проактивті форматта төлем тағайындауға келісім берді;
– 423 мың адам Egov.kz порталы және Telegram бот рқылы;
– 146,1 мың адам 42500.enbek.kz порталы арқылы;
– 378 мың адам екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшаcы мен интернет ресурсы арқылы өтініш берген.
Азаматтардың санаттары бөлінісінде:
– 782,87 мың өтініш бірыңғай жиынтық төлем төлеушілерден берілді (проактивті форматта);
– 92,86 мың өтінішті жалдамалы қызметкерлері үшін жұмыс берушілер берді; – 854,4 мың өтініш азаматтардың басқа санаттарынан келіп түсті (жеке кәсіпкерлер; жеке практикамен айналысатын адамдар; азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар).
Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2020 жылдың шілде айында карантиндік шаралардың енгізілуіне байланысты жұмыс істеп жатқан қазақстандықтарға табысы толық жоғалған жағдайда бір ең төменгі жалақы – 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем жүзеге асырылатын болады.