Семейде мониторинг жүргізу бойынша уақытша мобильді топ «Медсервис +», «Іңкәр», «Аманат» көтерме фармацевтикалық қоймаларына барды.
Мобильді топ құрамына қалалық мәслихаттың хатшысы, «Nur Otan» партиясы фракциясы қалалық мәслихатының депутаты, партиялық бақылау комиссиясының мүшесі және дәріханалар өкілдері кірді.
Мобильді топ көтерме қоймаларға дәрі-дәрмектердің жеткіліксіз мөлшерде келіп түсуіне байланысты, дәріханалық бөлшек сауда желісінде дәрі-дәрмек тапшылығы болатынын атап өтті. Жұмыс тобы алдағы уақытта да Семей қаласының дәріханаларына мониторинг жұмысын жалғастыратын болады.

Сондай-ақ «Nur Otan» партиясының Абай аудандық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Ерлан Арнаұлы, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалының директоры Еділ Еркінұлы, партияның аудандық филиалының кеңесшісі Қуат Маратұлы, ҚР ШҚО Қоғадық денсаулық сақтау департаментінің Абай аудандық қоғамдық денсаулық сақтау Басқармасы РММ (СЭС) жетекші маман-заңгері Айбек Манарбекұлы «Қазақстан Республикасының азаматтарымен медицина қызметкерлеріне қолдау көрсету» жөніндегі жұмыс Жоспарына сәйкес аудан орталығында орналасқан дәріханада дәрі-дәрмектердiн халық үшін қолжетімділігі мен сатылу бағасына мониторинг жүгізді.
Мониторинг барысында дәрі-дәрмектердің бағасын себепсіз қымбаттату фактілері анықталған жоқ.



