335
42 500 теңге: 889 мыңнан астам қазақстандық біржолғы төлем алды
42 500 теңге: 889 мыңнан астам қазақстандық біржолғы төлем алды
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінің хабарламасында: «21 шілде сағат 9.00-дегі жағдай бойынша шілде айында шектеу шараларын енгізуге байланысты табысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан ең төменгі жалақы – 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындауға азаматтардан 1,5 млн мың өтініш қабылданды. Төлем 1 млн 121 мың адамға тағайындалды. Ақшалай қаражат 889,5 мың қазақстандыққа аударылды», – делінді.
МӘСҚ-тан төлем алуға өтінім бірнеше арна арқылы қабылданады.
1 миллион 509 мың өтінімнің ішінде:
- 755,8 мың адам проактивті форматта төлем тағайындауға келісім берді;
- 363,7 мың адам Egov.kz порталы және Telegram бот арқылы;
- 109,7 мың адам 42500.enbek.kz порталы арқылы;
- 280,5 мың адам екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшасы мен интернет ресурстары арқылы өтініш берген.
- 755,8 мың өтініш бірыңғай жиынтық төлем төлеушілерден берілді (проактивті форматта);
- 58,4 мың өтінішті жалдамалы қызметкерлері үшін жұмыс берушілер берді;
- 695,6 мың өтініш азаматтардың басқа санаттарынан келіп түсті (жеке кәсіпкерлер; азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс табатын тұлғалар).