15 Шілде, 14:02 411 0 Жаңалықтар Асыл ТҰМАР

Нұротандықтар дәрігерлерге жеміс-жидек, сүт өнімдерін жеткізуде

«Nur Otan» партиясы пандемия жағдайында дәрігерлер мен науқастарға қолдау көрсетуді жалғастыруда. Өңірлердегі «Jas Otan» жастар қанатының мүшелері індетпен күресте алдыңғы шепке шыққан ақ халаттыларға ағарған мен жеміс-жидек жеткізуді қолға алды.

Атап айтқанда, «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» жастар қанатының Маңғыстау облыстық филиалы «Жаңаөзен сүт зауытының» қолдауымен дәрігерлерге шұбат, шалап, айран мен қаймақ сияқты сүт өнімдерін таратып берді. Мұнда күні-түні еңбек етіп жүрген дәрігерлер Ақтау қаласындағы 4 қонақүйге орналастырылған. Осы дәрігерлерге жеміс, сүт өнімдерін жеткізіп беру Маңғыстау облысындағы «Nur Otan» партиясы филиалының бақылауында.

Сонымен қатар, Маңғыстауда «Nur Otan» партиясының бақылауымен Біріккен Араб Әмірлігінен жеткен медициналық құрал-жабдықтар қала мен аудандарға таратылды.

БАӘ-ден келген гуманитарлық көмекте медициналық маска, қолғап, қорғаныс киімі, тест сынамасы, ИВЛ аппараты т.б. бар. Облыс әкімдігінің жанынан депутаттар, қоғам белсенділері және журналистерден құралған арнайы бақылаушы жұмыс тобы өз қызметін атқарды. Мақсат – келген барлық затты қала, аудандардың қажеттілігіне қарай бөлінуіне жұртшылық атынан атсалысып, өз үлестерін қосу.

Ал «Jas Otan» жастар қанаты Батыс Қазақстан облысы филиалының еріктілері «Ақ халатты абзал жандар ауырмасын» атты арнайы акция бастады. Жасотандықтар індеттің ортасында жүргендәрігерлерге қолдау көрсетіп, иммунитетін көтеру үшін оларға саумал жеткізуде.

«Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облысы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Мұқаев бастарын қатерге тігіп, коронавирус жұқтырғаннауқастарды емдеп жүрген ақ халаттыларға баршамыз шамамыз келгенше қолдау көрсетуіміз керек дейді. Сондықтан, «Жайлау» шаруа қожалығымен келісімге келіп, енді 1 ай бойы медицина мамандарын тегін саумалмен қамтамасыз етеді.

«Жайлаудан» алынған 1 тонна саумалды жасотандық еріктілер бір ай бойы БҚО жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізіп отырады. Олар аталған акцияны ауылдарда да жүзеге асыруға шақырды.

«Дәрігерлерге мың алғыс!» – алматылық жасотандықтар бастаған акция осылай аталады. Акцияның мақсаты – 4 айға жуық уақыт бойы өз өмірлерін қатерге тігіп, бүгінгі қоғамның батырларына айналған ақ халатты абзал жандарға жастар атынан алғыс білдіру, қолдау көрсету.

Еріктілер 800-ден астам денсаулық себетін дайындады. Жиынтыққа иммунитетті нығайтуға арналған өнімдер салынған. Аталған акцияға Алматы қаласы бойынша коронавирустын алдын алу және болдырмау ведомствоаралық комиссия қолдау көрсетті.

Жасотандық волонтерлер барлық сақтық шараларын ескере отырып, акцияның алғашқы күніндеОрталық қалалық клиникалық ауруханаға, Қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасына және Қалалық жұқпалы аурулардың клиникалық балалар ауруханасына барады.

Соңғы жаңалықтар