Қазақстандықтардың 80 пайызы қаржылық тұрғыда сауатты

Қазақстандықтардың 80 пайызы қаржылық тұрғыда сауатты

Қазақстандықтардың 80 пайызы қаржылық тұрғыда сауатты
ашық дереккөзі
680
Freedom Finance life компаниясы соңғы 6 жыл ішінде елімізде және әлемде қаржылық сауаттылық көрсеткіші қалай өзгерді, қаржы туралы білім алу құны қанша және азаматтардың тұрмысын жақсарту үшін не қажет деген мәселелерді зерттеді. Халықаралық экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (OECD) 2018 жылғы статистикасы бойынша, Қазақстандықтардың қаржылық сауаттылығының деңгейі  36%-ды құраған. Бұл жерде қаржылық қызмет көрсету білімі мен машықтары, жеке капиталды басқару шеберлігі, сондай-ақ, тұтынушылардың қаржы жүйесі туралы хабардар болуы басты есепке алынған. Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің жүргізген онлайн-сауалнамасына сәйкес, қазіргі сәтте еліміздегі қаржылық сауаттылығының орташа көрсеткіші 80%-ға жеткен. Зерттеуге 20 жасқа толған және одан үлкен 25 019 адам қатысқан. Респонденттер көпшілігін ер адамдар құраған - 87% (22 179), ал қалғандары -7 % (1 717) әйел адамдар. Зерттеу барысында жауап алғандардың 89%-ы жеке немесе отбасы бюджетін жүргізетінін айтқан. Респондеттердің 88%-ы тұтынушы ретінде қаржылық қызмет көрсету құқығы шектелсе қайда жүгінуді біледі, ал 7%-ы мұндай ақпараттан беймәлім екенін жеткізген. OECD мәліметтері бойынша, 2018 жылы халықтың қаржылық сауаттылығын зерттеуге қатысқан ТМД елдері ішінде: Тәжікстан (10%), Қырғызстан (17%), Әзірбайжан (23%), Армения (27%), Қазақстан (41%), Беларусь (44%) және Ресей Федерациясы (45%). Тап сол кезде, шетелдік ақпараттық порталы HowMuch өз зерттеуін жүргізді. Қаржылық сауаттылық бойынша алдағы елдер тобына кіргендер - Дания (71%), Норвегия (71%), Швеция (71%), Канада (68%), Израиль (68%), Ұлыбритания (67%), Германия (66%), Нидерланды (66%), Австралия (64%) және Финляндия (63%).

Серіктес жаңалықтары