Шығыс Қазақстан облысында жер сілкінді

Шығыс Қазақстан облысында жер сілкінді

Шығыс Қазақстан облысында жер сілкінді
ашық дереккөзі
ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі бүгін, сағат 09.32-де жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 844 шақырым қашықтықта, Қазақстан аумағында – Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданында орналасқан. Энергетикалық санаты – 9,6. MPV магнитудасы – 4,4. Тереңдігі – 10 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы мәліметтер түспеген.