6 Шілде, 13:01 403 0 Жаңалықтар Асыл ТҰМАР

Интернет арқылы дәрілік препараттарды заңсыз сатқан азамат ұсталды

Қарағанды облысының тәртіп сақшылары интернет арқылы дәрілік препараттарды заңсыз сату фактісін анықтады. Тергеу барысында жедел уәкілдер Балқаш қаласының тұрғынын ұстады, – деп жазды ҚазАқпарат.

5 шілде күні Балқаш қалалық полиция бөлімі есірткі қылмысына қарсы күрес бөлімшесінің қызметкерлері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында дәрі-дәрмектерді заңсыз сату фактісін анықтаған.

Хабарландыруларға сәйкес, парақшаның авторы «Антарис» дәрілік препаратын сатумен айналысқан. Бұл препарат қант диабетімен ауыратын адамдарды емдеуге арналған. Белгілі болғандай, дәрі-дәрмектерге лицензия болмаған және олар дәрігердің рецептісіз сатылып келген.

«Сатушы Балқаш қаласының 49 жастағы тұрғыны болып шықты. Полиция қызметкерлері оның интернет арқылы «Антаристың» 6 қаптамасын (180 таблеткасын) сатып үлгергенін анықтады», – деп хабарлады Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Аталған факті бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Материал ҚР ӘҚБК 424-бабы «Заңсыз медициналық және (немесе) фармацевтикалық қызмет» бойынша әкімшілік сотқа қарауға жіберілді.

Соңғы жаңалықтар