Аптап ыстық: Қазақстанның төрт өңірінде ескерту жарияланды

Аптап ыстық: Қазақстанның төрт өңірінде ескерту жарияланды

Аптап ыстық: Қазақстанның төрт өңірінде ескерту жарияланды
ашық дереккөзі
«Қазгидромет» РМК 4 шілде күні ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады.  Атап айтқанда, Атырау облысында 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Өрт қаупі жоғары болады. Атырау қаласында күндіз 36-38 ыстық болжанады. Маңғыстау облысының кей жерлерінде 38 градус қатты ыстық күтіледі. Ақмола облысының кей жерлерінде қатты жаңбыр жауады. Түнде және таңертең тұман болады. Солтүстік-батыстан соққан желдің күші күндіз 15-20 м/с жетеді. Батыс Қазақстан облысының оңтүстік бөлігінде күндіз 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Еске сала кетейік, Синоптиктер бұған дейін Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарында ескерту жариялаған еді.