296
Түркістан облысында 200-ден астам армениялық көлік тіркелді
Түркістан облысында 200-ден астам армениялық көлік тіркелді
Түркістан облысында 200-ден астам жүргізуші армениялық көліктерін тіркеп, арнайы сары нөмірлерді алды.
Бұл жайында Түркістан облысы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Алмасхан Тастанбеков айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Үкімет қаулысына сәйкес, рулі сол жақта орналасқан көлік құралдарын тіркеу үшін түркістандықтар 11 мың 946 теңге төлем жасаған. Өңірдің полицейлері Армениядан әкелінген көлікті тіркеу ережелерін түсіндіру үшін Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында кеңестер беруде.
Мұндағы Call-орталығы күн сайын сағат 09:00-ден 19:00-ге дейін жұмыс істейді. Одан бөлек, Армениядан әкелген көліктерін басқа біреуге сатып жіберген азаматтарға полицейлер көмектесетінін ескертеді. Яғни, ҚР ІІМ деректер базасы арқылы табуға жәрдем көрсетеді.