COVID-19: Түркияда індет құрбандарының саны 5,1 мыңнан асты

COVID-19: Түркияда індет құрбандарының саны 5,1 мыңнан асты

COVID-19: Түркияда індет құрбандарының саны 5,1 мыңнан асты
ашық дереккөзі
224
Түркияда өткен тәулікте коронавирустан 12 адам көз жұмып,  індет құрбандарының жалпы саны 5167-ге жетті. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрі Фахреттин Коджа өзінің Twitter парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Анадолы.  Бүгінге дейін Түркияда 176 965 адам коронавирус инфекциясынан емделіп шыққан. Ал COVID-19 вирусын жұқтырғандардың жалпы саны 202 284-ке жетіп отыр. Өткен тәулікте 1186 адамның індетке шалдыққаны белгілі болды. Министрдің дерегінше, өткен тәулікте COVID-19 вирусының бар-жоғын тексеретін 49 714 тест жасалған. Ал пандемия басталғалы бері 3,48 млн талдау алыныпты. Джонс Хопкинс университетінің соңғы дерегінше, әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 10,8 миллионнан асып жығылды. Індетке шалдыққан науқастар саны жөнінен АҚШ, Бразилия және Ресей көш бастап тұр.  

Серіктес жаңалықтары