291
COVID-19: Арменияда індет құрбандарының саны 433-ке жетті
COVID-19: Арменияда індет құрбандарының саны 433-ке жетті
Арменияда коронавирус жұқтырғандар саны 25 127 адамға жетті.
Арменпресс агенттігінің хабарлауынша, қазіргі уақытта елде індетке шалдыққан 11 254 адам ем қабылдауда.
Өткен тәулікте қатерлі вирустан 7 адам көз жұмып, елде індет құрбандарының саны 433-ке жетті.
Бұған дейін елдің премьер-министрі Никол Пашинян Армения әлем бойынша 1 млн тұрғынға шаққанда вирус жұқтырғандар саны бойынша алдыңғы қатарда тұрғанын мәлімдеген еді.
Арменияда алғаш рет 16 наурызда жарияланған 1 айлық төтенше жағдай режимі 13 сәуірде тағы бір айға ұзартылған болатын. Елдегі эпидемиологияық ахуал тұрақталмаған соң Армения үкіметі төтенше жағдай режимін әуелі 13 маусымға дейін, кейіннен тағы бір айға, 13 шілдеге дейін созды.