Академиялық мектептің ардақты ақсақалы

Осыдан екі-үш ғасыр бұрын Еуропа ғылымында қалыпта­сып, ХІХ ғасырдың аяғында Ресейге ке­ліп орныққан классикалық ака­демиялық мектеп дейтін ұғым бар. Қазір көбесі сөгіле бастағанмен, ғы­лым­дағы басты ұстанымдарды қа­лып­тастырып, ғылыми зерттеу жұ­мыстарының мәдениетін қалып­тастырған іргелі ғылымның іргетасы да осы мектеп болатын. Ғылымның бұл өнегелі үрдісі қазақ ғылымына, со­н­ың ішінде, әдебиеттану ғылымына тым кештеу келді. Сол үлгіні алғаш алып­ келген және қазақ фольклортану ғылымына орнықтырған бір кездегі ба­лаң аспирант, қазіргі академик Сейіт Қасқабасов десек, ақиқаттан алыс кетпесіміз анық.

Студент кезінде-ақ орыс ака­де­миялық мектебінің өкілі, көр­некті фольклор­танушы-ғалым, Қа­зақ­стан ҒА-ның корреспон­дент-мү­шесі Н.Смирнованың жетекшілігімен фольк­лор жинаумен және зерттеумен жас­тай айналысады. Сол кезде-ақ Е.Тұр­сынов екеуі жазған «Сказочник Шал­карбай Данылбаев» деген тырна­қал­ды мақаласы арқылы қазақ фо­льклортану ғылымында жаңа тұрп­ат­тағы жас перінің өсіп келе жатқанын айғақтады.

Бұл уақыт қазақ рухани әле­мін­де М.Әуезов, С.Мұқанов, Ә.Мар­ғұлан, Е.Ысмайылов, Ә.Қоңыратбаев, Б.Кен­жебаев, Қ.Жұмалиев, Ы.Дүйсен­баев, М.Ғабдуллин сияқты «алыптар тобының» іргесі сөгіле қоймаған қа­зақ рухының өшіп бара жатып жан­ған, солып бара жатып толған заманы болатын. Тіпті, көпшілік санасында «осы фольклорда не қалды, бәрін ақыр-тақыр зерттеп бітірдік емес пе?» деген ой қалыптаса бастаған. Осын­дай кезеңде фольклорды зерттеуге тәуекел етіп, оның үстіне ешкімге таңсық емес, илеуі қанған, иі әбден сің­ген тек балалардың ғана ермегі са­налатын ертегі жанрын таңдап алады.

Осылайша 1964 жылы С.Қасқа­басов М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ас­пирантурасына қабылданады да, қазақтың қиял-ғажайып ертегілерін зерттеуге кіріседі. Балаң аспирант кезінде-ақ 1968 жылы орысша шық­қан «Қазақ әдебиеті тарихының» бі­рін­ші томына екі тарау жазып (Е.Тұр­сыновпен бірге), қарым-қабіле­тімен көзге түседі.

1969 жылы қорғалған «Казахская волшебная сказка» атты кан­ди­даттық диссертациясы 1972 жылы жеке кітап болып шығысымен КСРО Ғылым академиясының ең таңдаулы ең­бектері қатарында «Вестник АН СССР» (1973, №7), «Вопросы литера­туры» (1973, №9), «Советская тюрко­ло­гия» (1974, №6), «Русский фольклор» (1974, вып. 14) сияқты беделді басы­лымдардың қошеметіне ие болады.

Жас ғалым осы тырнақалды ең­бегімен-ақ қазақтың қиял-ғажайып ертегілерін әлемдік фольклортану ғылымы тұрғысынан те­рең­дете зерттеп, оның астарында қа­зақ халқының бүкіл дүние­таны­мы­ның алып мұхиты жатқанын аң­ғартып, қазақ ғылымына бұрын-соңды болмаған зерттеу мәдениетін, академиялық ұстаным әкелді. Орыс­тың классикалық академиялық мектебінің дәстүрін қазақ фольк­лортану ғылымына етене енгізді. Осы еңбектің арқасында сол кезеңде әлемге танылудың асқары болып та­бы­латын одақтық ғылым айна­лысына қазақ фольклоры да етене араласып кетті. Қазақ ғылымына әлемдік ғылы­мының деңгейінде жазылған, фольклортануды әдебиеттану мен эт­нография ғылымының шегінде тұрған ерек сипаттары мен зерттеу әдістері бар ғылым саласы ретінде танытқан жаңа еңбек дүниеге келді. Сол арқылы қазақ мұрасы әлемдік фольклортану ғылымының ұлы мұхитына С.Қасқабасов салған жаңа арнамен барып құйды. Оның еңбегіне шетелдік ғалымдар жабыла сілтеме жасайтын болды.

Бұл жолға, әрине жас ғалым оңай­шылықпен келген жоқ. Жастық шақтың қызыққа толы небір айлы түндері мен шуақты күндерін көз майын тауысқан оқу-тоқуға, жазу-сызуға, шаң басқан қолжазбаларды ақтаруға, мұрағаттар мен көне кітап­тарды қопарып, араб, латын жазуын­дағы қолжазбаларды қол талғанша қотаруға арнауға тура келді. Естіге­німізді емес, көргенімізді айтсақ, бір барғанымызда Сейіт ағамыздың сұқ саусағына оймақ киіп жазып отыр­ғанын көргенбіз. «Ойпырмай, сірі тігіп отырғандай мұныңыз не?» дегенімізге «Қаламсабым қолымды оя берген соң, шешемнің жасап берген амалы ғой» дегені бар. Оның үстіне студент кез­ден басталған республиканың түкпір-түк­піріне жаяу жалпы жасалған ғылыми экспедицияларды қосатын болсақ, кәнігі фольклорист болып қалыптасудың тауқыметін шамалауға болады.

Қазақ қиялының көкжиегі – қиял ғажайып ертегілерінен басталған қадам қажырлы еңбек, қарым­ды ой-толғаммен өз шеңберін күн сайын кеңейтіп, бүкіл халық про­засына құлаш жайды. Үздіксіз ізде­ністің нәтижесінде 1984 жылы «Қа­зақтың халық прозасы» атты әйгілі монография дүниеге келді. Бұл кітап Қазақстан Ғылым академиясының ең жо­ғары марапаты – Ш.Уәлиханов атындағы сыйлыққа ие болады. Ол туралы берісі Ресейден бастап, арғысы АҚШ ғалымдарына дейін пікір біл­дірді.

Бұл еңбектің шынында да осын­дай кең көлемдегі резонанс туғызатын қуаты бар еді. Өйткені осы уақытқа дейін ертегіден басқа аңыз­дық проза толық жиналып, арнайы зерт­телмеген сала еді. Сейіт Асқарұлы осы сеңді бұзып, «Халық прозасы» де­ген терминді енгізіп, оның өзін ер­те­гі­лік және аңыздық проза деп екі ар­наға бөліп, аңыздық прозаны онда­ған жанрлық түрлерге таратып зерт­теді.

С.Қасқабасов осы еңбегінде қа­зақ фольклорында бұрын ат­тары аталмаған, дараланып көрсе­тілмеген ондаған жанрлық түрлерді анықтап, олардың терминологиялық жүйесін жасап шықты. Миф, аңыз, әпса­на, хикая, хикаят, апсана-хикаят сияқ­ты ұғым-атауларды енгізе оты­рып, олардың жанрлық табиғаты мен өзгешеліктерін, ортақ белгілерін са­ралап, ғылыми сипаттама беру, әр­қайсысына тарихи салыстырмалы әдіс тұрғысынан талдау жүргізіп, ти­пологиялық сипаттарын анықтау, көр­кемдік табиғаты мен жанрлық бітім-болмысын нақтылау, әрине, оңай-оспақ шаруа емес еді. Сейіт Ас­қарұлы осы асқаралы міндеттердің үдесінен шыға алды.

Осы орайда, қазақ мифі деген ұғымды да алғаш қозғап, ол жө­нінде тың тұжырымдар қорытқан тұңғыш ғалымның да   С.Қасқабасов екенін атап айтқан жөн. Классикалық грек мифтері жөнінде қалыптасып қалған қасаң тұжырымының көбесін сөгіп, әр халықтың дәстүрлі дүние­танымына қатысты мифтік санасы­ның болатыны жөніндегі әлем ғалым­дарының ой жүйесін дамыта отырып, оны қазақ фольклорына икемдеп қазақ мифтерінің табиғаты жөнінде тың тұжырымдар түйеді.

Ғалымның ертегілік прозаның өзін жануарлар жайлы, қиял-ғажайып, батырлық, новеллалық, сатиралық деп жаңаша жүйелеуі де тың саралау болатын. Батырлық ертегілер мен новеллалық ертегілер осы еңбекте алғаш рет жеке жанрлар ре­тінде жіктеледі, ал жануарлар тура­лы ертегілер этиологиялық, класси­калық, апологтық деп бөлініп, әр жанр­дың табиғи ерекшеліктері ашыл­ған.

Монографияда қазақтың ха­лық прозасы түгел қамты­лып, ішкі жанрлық жүйесі сараланып, өзін­дік ғылыми жүйесі бар тұтас құ­ры­лым ретінде қарастырылып, про­залық фольклорды одан әрі зерттеудің жаңа бағдарын қалыптастырған. Ғалымның қазақтың көне наным-сенімдерімен байланысты «албасты», «жалмауыз кемпір», «күлдіргіш», «үббе», «сөрел», «жезтырнақ» сияқты кейіп­керлер мен «жын», «шайтан», «дию», «пері» сияқты кең таралған миф­тік бейнелерге алғаш рет терең тал­дау жасап, қорытқан ой-тұжы­рым­дары да мифология ғылымында үлкен қызығушылық туғызды. Қазір бұларды фольклортанушылар әзілдеп «Қасқабасов командасы» деп атайтын болды. Республикада және шет ел­дерде жоғары бағаланған бұл іргелі зерттеуді ғалымның ең белесті еңбегі, ғы­лым жолында жасаған үлкен же­тістігі деуге болады.

Қазақтың ертегіден тыс про­засы алғаш рет жүйелі зертте­ліп, құрылымы, поэтикасы, көркемдік ерекшеліктері нақты айқындалған іргелі еңбек арқылы қазақ фольк­лор­тану ғылымы тарихында жаңа бір үрдіс – қазақ халық прозасын салалап зерттеудің негізі қалыптасты. Осы екі монографиясы үшін С.Қасқабасов 1992 жылы фольклортанушылардың ішінде алғашқы болып Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығына ие болды.

Ол қазақ фольклорының му­зыкамен, өнермен, театрмен байланысты қырына қатысты да зерт­теулер жүргізді. «Родники искусства» атты еңбегінде фольклорлық этюд­терді халықтық өнер бастауларымен ты­ғыз байланыстыра отырып, фольк­лорды қазіргі көркем өнердің бастау бұлағы ретінде қарастырады. Ғалым қа­зақтың халықтық драмалық шы­ғармашылығын күнделікті кәсіптік және әдет-ғұрыптық форма, ойын-сауық­тық форма және театрлық кә­сіби өнердің балаң формасы деп үш топқа бөліп, күнделікті кәсіптік және әдет-ғұрыптық формаға тұрмыстық шаруа­шылық салттар, той-думан, аза тұтуға байланысты әртүрлі жоралғы­лар мен ауызекі поэтикалық шығар­малар­ды жатқызса, ойын-сауықтық форма тобын түрлі ұлттық ойындар мен ойын-сауық көріністері құрай­тынын, театрлық кәсіби өнердің ба­лаң формасы ретінде сал-сері, әнші-ақындардың, күлдіргі қушыкештер мен сайқымазақтар қызметін, жар­тылай кәсіби актерлердің жәр­мең­келердегі ойындарын, ХХ ғасыр­дың бас кезінде ашылған алғашқы дра­малық үйірмелерді жатқызады. Трагедияның фольклорлық үлгісінің драмалық шығармаларға трансфор­мациялану жайын жеке зерттеп, фольклорлық трагедияны лиро-эпи­калық форма және дастандық форма деп екі түрге бөлу жөніндегі ойды да Сейіт Асқарұлы айтқан болатын.

Ол ойын «Қазақтардың фольк­лор­лық театры» атты зерттеу еңбегінде өрісін кеңейте жазды.

Ғалым тарихи жырлардың жанр­лық сипаты жөнінде «Тарихи жыр түптеп келгенде батырлық жыр мен тарихи өлеңнің аралығындағы жанр» деуі де өз кезіндегі тың пікірдің сана­тында.

Ал Асан қайғы туралы аңыздарды халықтың әлеуметтік утопиясы деуін­де де әлемдік философияның қисыны бар.

Ұлы Абайдың «Ескендір» поэ­масының сюжеттік негізін Ес­кендір туралы қазақ аңыздарынан іздеп зерттеуден бастаған ол кейін «Абай және фольклор» атты көлемді зерттеуінде Абай поэзиясының негізгі қайнар көзі ауыз әдебиетінде екенін ба­са көрсете отырып, фольклорды ұлы ақын қалай және қандай дәре­жеде, мақсатта пайдаланғанын «Ес­кендір», «Масғұт», «Әзімнің әңгімесі» поэмаларының сюжеттік негізін ашу арқылы пайымдады, сондай-ақ Абай­дың қазақ мақал-мәтелдері жөніндегі ойларының астарына үңілді.

1988 жылы Сейіт Асқарұлы Қа­зақстан Компартиясы Орталық Ко­митетінде Саяси процестер социо­логиясы орталығының жетекшісі ре­тінде тағы да бір тың жұмыстың тұт­­қасын ұстады. Бұл Кеңес өкіметі тари­хындағы алғашқы социоло­гия­лық талдау орталығы болатын. Қайта құру уақыты келген сәтте тарихтың ақ­таңдақ беттерін ашу жөніндегі ба­тыл шараның басында тағы да Қас­қабасов жүрді. Соның нәтижесінде Шәкәрім Құдайбердіұлы, Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Ай­мауытов, Мағжан Жұмабаев сияқты алаш арыстарының шығармашылық мұрасын ақтап, жариялау мен зерттеу турал­ы тауқыметті шаруаны үйлес­тіру­ді өз мойнына алды.

1932 жылғы ашаршылық құрбан­дарына жыл сайын 31 мамырды еске алу күні деп белгілеу жөнінде ұсыныс енгізіп, Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесіне ар­найы қаулы да қабылдатты. Мұның бар­лығы академик ағамыздың қоғам­дық және мемлекеттік қызметтегі ерен еңбегі.

Сейіт Асқарұлы 1989 жылы
М.Ло­моносов атындағы Москва мемлекеттік университетінде «Жанры казахской народной (несказочной) прозы» деген тақырыпта докторлық диссертациясын сәтті қорғады. Ресми оппоненттер болып академик З.Ахметов, профессорлар Х. Көроглы (МГУ) және Ж. Азбелев (КСРО ҒА Орыс әдебиет институты) тағайын­дал­ды. Жетекші мекеме КСРО Ғылым академиясының Әлем әдебиеті институты болады.

Одан кейін профессор, Ұлттық ғылым акдемиясының кор­рес­пондент-мүшесі, академик деген сияқты ғылыми атақтар мен дәре­желер­дің барлығын иемденіп, әлемге аты мәшһүр ғұламаға айналды. Қазақ фольклортану ғылымында өзінің қалыптастырған академиялық мек­тебі бар ұлағатты ұстазға айналды.

2001 жылы қазан айында С.Қас­қабасов өзінің ұшқан ұясы М.Әуе­зов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры болып келді. Тоғыз жылдың ішінде ғалымның басшылығымен «Қазақ әдебиеті тарихының» 10 томдық жаңа басылымы, 5 томдық «Қазақ музыка­сы­ның антологиясы», 3 томдық «Қазақ өнерінің тарихы» жарыққа шық­ты. Бұл іргелі зерттеулер – инс­титуттың қырық жылғы жұмыстары­ның қорытындысы іспетті кезеңдік еңбектер.

«Қазақ әдебиеті тарихының» фоль­к­лорға арналған 1-ші томы С.Қасқабасовтың тікелей басшылығы­мен жазылып, жаңаша зерттелген ой-тұжырымдармен, тың пайым­даулармен ерекшеленді. Бұрынғы жүйенің қиюы қашып, тәуелсіздіктің аяғынан қаз тұрып, кадр тапшылығы мен қаржы тапшылығы бірі етектен, бірі жағадан алып тұрған шақта мұн­дай қыруар шаруа атқару үлкен еңбек болатын.

Елбасының бастамасымен қолға алынған «Мәдени мұра» мемле­кет­тік бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі Мемлекеттік комиссияның белді мүшесі ретінде де Сейіт Асқар­ұлы қажырлы шаруалар атқарды.

Елімізде тұңғыш рет «Бабалар сөзі» сериясы бойынша қазақ фольклорының 100 томдық басылы­мын шығаруды қолға алып, абырой­мен аяқтап шықты, 20 томдық «Әдеби жәдігерлер» мен «Классикалық зерт­теулер» сериялары оқырманға жол тартты.

Әрине, Қасқабасов есімін тек кәнігі әрі кәсіби фольклор­тану­шы деп қарастыруға болмайды.

Оның еңбектері соңғы елу жыл­дағы қазақтың рухани әлемінің бар­лық саласымен тығыз байланысты. Оның қаламынан мифологияға, фо­льклортануға, этнография мен тарих­қа, мәдениет пен әдебиетке, өнертану мен театртануға арналған үш жүзден астам еңбек дүниеге келген. Өздерінің өміршеңдігін танытқан ол еңбектер жыл сайын том-том болып жарық көруде. Олардың қатарында «Колы­бель искусства», «Золотая жила», «Жа­назық», «Елзерде», «Ойөріс» сияқты аты­на заты сай кітаптарды атауға бо­­лады. Биылғы мерейтойға жеті том­дық таңдамалы еңбектерімен келіп отыр.

Екі тілді еркін меңгерген Сейіт Асқарұлы қазақ фольклоры­ның біраз үлгісін орыс тіліне аударып жариялады. Қазақша-орысша аударма сөздік дайындауға да көп үлес қосты. Шығыстанушылар В.Радлов пен Г.По­танин еңбектерінің ғылыми басы­лым­дарын шығаруға да бас-көз болды. «Евразия халықтарының эпосы» сериясы бойынша «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» лироэпосының 8 нұсқасын қамтыған академиялық басылымын, «Қыз Жібек» жинағын Мәскеуде жарыққа шығарды.

Ол – Ш.Уәлиханов атындағы ҰҒА сыйлығының (1986), Қа­зақ­стан Мемлекеттік сыйлығының (1992), сондай-ақ Жамбыл атындағы (1996) және Махамбет атындағы (2003) сыйлықтардың лауреаты, «Қа­зақстанның еңбек сіңірген қай­рат­кері».

Сейіт Қасқабасовтың ғылыми еңбектері Анкарада, Мәскеуде, Минскіде, Кишиневте, Бакуде, Ашха­бадта, Ташкентте, Бішкекте басылған. Олар жөнінде АҚШ, Түркия, Ресей, Моңғолия, Венгрия, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғыз Республикасы, Түркіменстан, Қарақалпақстан, Баш­қортстан, Татарстан журналдары мен газеттерінде рецензиялар жарияла­нып, жоғары баға берілді.

Қазір біраз жылғы үзілістен кейін Сейіт ағамыз өзінің байыр­ғы ордасы М.Әуезов атындағы әде­биет және өнер институтына қай­та оралып, өзінің сүйікті ісімен ай­на­лысуда. Жол ұзарған сайын, жүгіңіздің ауырлай түсетінін білеміз, қадірлі Секе! Ғұмыр бойына жиған халқыңыз­дың інжу-маржанын төкпей-шашпай, жас ұрпаққа жеткізудің үлгі-өнегесі болып ортамызда аман-сау жүре беріңіз, ардақты ұстаз!

 

Кенжехан МАТЫЖАНОВ,

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,

М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының директоры, филология ғылымдарының докторы

 

Редакция таңдауы

Қырғыздар Мұқағалиға құрмет көрсетті

22 ақпанда Бішкекте, Алықұл Осмонов атындағы ­­Қырғыз Республикасы Ұлттық кітапханасын­дағы Абай атындағы қырғыз-қазақ мәдени орталы­ғында Мұқағали Мақатаевтың 90 жыл­дығына арналған «Ең бірінші бақытым –...

Депутаттарды қайта оқыту неге керек?

Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Мәжіліс отырысында «Қазақ­стан Республикасының кейбір заң­на­малық актілеріне аудандық, қалалық жә­не ауылдық билік деңгейлерінің дер­бестігі мен жауапкершілігін кеңейту мә­селелері бойынша...

Орындалмаған уәделер

Кемшілікті мойындау да – ерлік Есептік кездесулерге қашықтан қатыс­қан тұрғындардың көпшілігі әкімдер көз­бояу­шылықтың көкесін карантинде көр­сетті деп кейіді. Есеп онлайн форматта бе­рілгендіктен бұрынғыдай тұтқиылдан қойы­латын...

Мессидің шоуына қатысқан қандасымыз «Дю Солейде» өнер көрсетеді

«Дю Солей» циркі (Cirque du Soleil) – әлемдік цирк өне­рін­­де көш бастап тұрған ұжым. Сахнада өнер көрсе­те­тін жануарлардан толық­тай бас тартқан олар түрлі қойы­­лым­­дарды...
makataev

Қырғыздар Мұқағалиға құрмет көрсетті

22 ақпанда Бішкекте, Алықұл Осмонов атындағы ­­Қырғыз Республикасы Ұлттық кітапханасын­дағы Абай атындағы...
bf4f4f04fd3ccff0ff70d75e3dcecbc1

Депутаттарды қайта оқыту неге керек?

Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Мәжіліс отырысында «Қазақ­стан Республикасының кейбір заң­на­малық актілеріне...
05 1

Орындалмаған уәделер

Кемшілікті мойындау да – ерлік Есептік кездесулерге қашықтан қатыс­қан тұрғындардың көпшілігі әкімдер көз­бояу­шылықтың...

Жаңалықтар

Марсқа қонған Perseverance тіршілік іздейді

Бейсенбі күні кешке NASA ғарыш агенттігі Марсқа жаңа Perseverance (Персеверанс) роверін қондырды (ағыл. – табанды, қайсар), - деп хабарлайды ВВС. Ровердің Қызыл ғаламшардағы басты міндеті...

Армения Қарулы күштері Пашинянның отставкаға кетуін талап етті

Армения әскері елдің премьер-министрі Никол Пашинян мен оның үкіметінің отставкаға кетуін талап етті, - деп хабарлайды РИА Новости ақпарат агенттігі.  Бас штаб басшысы Оник Гаспарян қол...

Доллар бағасы тағы да арзандады

Теңгеге қатысты доллардың ресми бағамы төмендеді. Ұлттық банк 26 ақпандағы америкалық валюта бағамын атады. Жұмада теңгеге шаққандағы доллардың ресми бағамы 414,77 теңге болады. Бұл ретте...

Қазақстанда аяз 40 градусқа дейін көтеріледі

26 ақпанда Қазақстанның 11 өңірінде ауа райы нашарлап, 35-40 градус аяз болады, деп хабарлайды "Қазгидромет". Жамбыл облысында, Тараз, Жезқазған, Қарағанды ​​облыстарында, Қарағанды, Жезқазған, Солтүстік Қазақстан,...

YouTube видеохостингі ата-ана бақылауы режимін енгізеді

Youtube платформасы ата-ана бақылауын орнатуға мүмкіндік беретін жаңа опцияны ойлап тапты. Бастапқыда YouTube видеохостингін жасаушылар 13+ жастағы бейнеге кіруді шектеді, сонымен қатар ата-аналарға балаларын...

Артур Төлепов әкімнің кеңесшісі болып тағайындалды

Актер Артур Төлепов Алматы қаласы ”Алатау” ауданы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалғанын айтып, халықтан қолдау сұрады. Ол өзінің әкімнің кеңесшісі болып тағайындалғаны жөнінде Instagram...

«Құлағым үсіп қалды». Желіде үскірік аязда жолда қалған қарағандылықтың бейнежазбасы қызу талқылануда (видео)

Әлеуметтік желілерде үсік шалып, аяз салдарынан зардап шеккен қарағандылықтың видеосы кеңінен талқылануда. Instagram желісіндегі shock_krg парақшасына жүктелген видеода ол Қарағанды облысы Шет ауданы Батық ауылына...

Алматының еріктілері қарт адамдарға қар тазалуда көмек көрсетуде

Алматының жастар ресурстары орталықтарының белсенділері мен жас отандықтар қарт адамдар мен коммуналдық қызметкерлерге көмектесу үшін қар тазалау акциясына шықты. Алматыда 24 ақпанда сағат 16.00-дан бастап...

Сауль «Канело» Альварес: «Головкинді сұлатып түсіремін»

Мексикалық былғары қолғап шебері Сауль «Канело» Альварес журналистердің оның Геннадий Головкинге қарсы үшінші кездесу өткізуді қай уақытқа жоспарлап отырғаны туралы сұраққа жауап беруден мезі...

Исламжан Насыров ҚПЛ-дан неге «қашып кеткенін» түсіндірді

Екатеринбургтік "Оралдан" ҚПЛ-ға ауысқан Исламжан Насыров "Тұраннан" (бұрынғы "Арыс") кетіп қалды. Бұл туралы инсайдер Айдын Қожахмет өзінің телеграм-каналында хабарлады. Бәрі жақсы сияқты болған, Насыров матчтардың...

Facebook ақпарат индустриясын қолдау үшін 1 млрд доллар инвестицияламақ

Американың Facebook компаниясы алдағы үш жылда ақпарат индустриясын қолдау үшін 1 млрд доллар қаржыны инвестициялауды жоспарлап отыр. Бұл туралы компанияның жаһандық саясат және коммуникациялар...

Тұрғын үй бағдарламасымен жастарға берілетін баспана құны қанша?

«Отбасы банк» АҚ орталық филиалының директоры Жансұлтан Матай жастарға арналған тұрғын үй бағдарламасы арқылы берілетін баспана бағасы қанша теңгеге айналатынын айтты. «Қазір Нұр-Сұлтан мен Алматыда...

Мемлекет басшысының Ұлттық кеңестің V отырысында сөйлеген сөзі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің V отырысында сөйлеген сөзін жарияланды. Құрметті жиынға қатысушылар! Ұлттық кеңестің қызметі әуел бастан қоғамның ерекше назарында. Оның жұмысына...

Елбасы Бауыржан Байбекті қабылдады

Кездесуде «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын әрі қарай жүзеге асыру мәселелері, сондай-ақ сайлауаралық кезеңдегі партияның жұмыс жоспары талқыланды. «Nur Otan» партиясының Төрағасы...

Алматы-Бішкек тас жолында 7 көлік соқтығысты

Алматы-Бішкек тас жолында қалың қар мен көктайғақ салдарынан 7 көлік соқтығысты. Оның ішінде біреуі жолаушылар автобусы. Бір адам дене жарақатымен ауруханаға жеткізіліп, тексеруден кейін үйіне...

Павлодар облысында өрт сөндіру кезінде ТЖМ қызметкері қаза тапты

Павлодар облысы Ақсу қаласының Ақсу шағын ауданында өрт сөндіруші қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапты, – деп хабарлайды ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли. «2021...

Қырғыздар Мұқағалиға құрмет көрсетті

22 ақпанда Бішкекте, Алықұл Осмонов атындағы ­­Қырғыз Республикасы Ұлттық кітапханасын­дағы Абай атындағы қырғыз-қазақ мәдени орталы­ғында Мұқағали Мақатаевтың 90 жыл­дығына арналған «Ең бірінші бақытым –...

Депутаттарды қайта оқыту неге керек?

Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Мәжіліс отырысында «Қазақ­стан Республикасының кейбір заң­на­малық актілеріне аудандық, қалалық жә­не ауылдық билік деңгейлерінің дер­бестігі мен жауапкершілігін кеңейту мә­селелері бойынша...

Орындалмаған уәделер

Кемшілікті мойындау да – ерлік Есептік кездесулерге қашықтан қатыс­қан тұрғындардың көпшілігі әкімдер көз­бояу­шылықтың көкесін карантинде көр­сетті деп кейіді. Есеп онлайн форматта бе­рілгендіктен бұрынғыдай тұтқиылдан қойы­латын...

Қазақ көші қолдаусыз болған емес

Қазақ көші атажұртқа сап түзегелі қилы жағдайды бастан кешті. Әйткенмен қандастардың салқар көші байырқалаған жоқ, байсалды болды. Оған себеп дүниенің төрт бұрышынан ағылған көштің...

Максим СПОТКАЙ: Қиындықта көрген қамқорлық ешқашан ұмытылмайды

Шын мәнінде, қазақ – ерекше алғысқа лайық халық. Себебі қазақтар қиын-қыстау за­­­манда осы мекенге жер аударылған түрлі этнос өкілдерін құшақ жая қарсы алып, қол­дау...

Аскер ПИРИЕВ: Бірліктің арқасында талай жеңіске жетеміз

– Елбасы Н.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылдығына арналған Қазақстан халықтарының фору­мында айтқан болатын. Ал 1995 жылғы...

Мессидің шоуына қатысқан қандасымыз «Дю Солейде» өнер көрсетеді

«Дю Солей» циркі (Cirque du Soleil) – әлемдік цирк өне­рін­­де көш бастап тұрған ұжым. Сахнада өнер көрсе­те­тін жануарлардан толық­тай бас тартқан олар түрлі қойы­­лым­­дарды...

«Елорда жастары» тұрғын үй бағдарламасы кімдерге арналған?

«Отбасы банк» АҚ орталық филиалының директоры Жансұлтан Матай «Елорда жастары» тұрғын үй бағдарламасының қай санаттағы жастарға арналғанын түсіндірді. «Қазір осы бағдарлама бойынша талаптар әзірленуде. Бұл...

Елорданың көктемгі әуендері

Наурыз айында «Астана Опера» камералық залында елорда тұрғындары мен қала қонақтарын балалар мен ересектерге арналған жарқын концерттік бағдарламалар мен керемет спектакльдер күтеді. 5 және 9...

ЕҚЫҰ ПА Бас хатшысы Роберто Монтелла: «Астана рухын» жандандыруымыз керек

24 ақпанда ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының сессиясы бейне конференция байланысы бойынша өз жұмысын бастады. Оған Сенат Төрағасының орынбасары Асқар Шәкіров бастаған ҚР Парламентінің делегациясы қатысты. Сенат...

Рейтинг: Мемлекет тілін білмейтін министр кім?

Ranking.kz аналитикалық компаниясы қазақстандық министрлердің тіл білу рейтингісін жариялады. Қазақстанда екі министр 5, төрт министр 4, бес министр 3, жеті министр 2 тілді меңгерген. Ал...

Қат мамандық қайсы?

Еңбек нарығы заман ағымына қарай үздіксіз өзгеріп отырады. Бүгін бәсі жоғары тұрған маман­дық­тар уақыт өте келе сұраныстан шы­ғып қалуы әбден мүмкін. Окс­форд университетінің ғалымдары...

Алматыда мыңнан астам ана сақтандыру есебінен ЭКО жасата алады

Қазақстанда экстракорпоральды ұрықтандыру процедурасының қолжетімділігі артты. Бұрын тегін медициналық көмек шеңберінде ғана жасалатын жоғары технологиялық қызметтің бұл түрі 2020 жылдан бастап медициналық сақтандыру пакетіне...

Димаш – ақиқатқа айналған арман

Әр ұлттың өніп-өскен, мекен еткен жеріне орай өзгеше болмысы қалыптасатыны ақиқат. Ұлы дала төсінде мыңдаған жылдар бойы еркін өмір сүрген, империя құрып ғасырлар бойы...

Түркі кеңесі елдерінің энергетика министрлері ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады

Түркі кеңесінің энергетика министрлері мұнай және газ, электр энергиясы, ЖЭК, сондай-ақ мұнай-газ-химия саласындағы өзара іс-қимылды, оның ішінде ұйымға мүше елдерде өндірілетін өнімді тасымалдау бағыттарын әзірлеуді...

Алғыс айту – ардың ісі

Негізін қазақ халқы құ­раған және күні бү­гінге дейін сол үр­діс тоқтаусыз жалғасып келе жат­қан мемлекетімізде қазақ­тан өзге жүзден астам ұлт өкіл­дері де осы елдің...

Мемлекеттік бағдарламалар бойынша тұрғын үй бағасы қымбаттамайды

«Отбасы банк» АҚ орталық филиалының директоры Жансұлтан Матай мемлекеттік бағдарламалар бойынша тұрғын үй бағасы қымбаттамайтынын айтты. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында «Бақытты отбасы» бағыты бар, бүгінде...

Қазақстан мен Моңғолия арасындағы азаматтық және қылмыстық істер жөніндегі шартқа өзгеріс енді

Қазақстанда егер халықаралық шарттардың өзге қатысушылары өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда аталған келісімнің немесе олардың жекелеген ережелерінің іске асырылуын тоқтату, сондай-ақ, жауап шараларын қабылдау тәртібі...

Қазақстан мен Оңтүстік Корея тұтқындарды алмастыруға келісті

Оңтүстік Кореяда сотталған Қазақстан азаматтары енді өз мерзімінің қалған бөлігін Отанында өтей алады. Бүгін сенаторлар тиісті шартты ратификациялады. Бұл жерде бірқатар шарттардың сақталуы маңызды болып...

Ұлттық құндылық телевизиялық рейтингтен жоғары болуы керек – Дана Нұржігіт

Сенат депутаты Дана Нұржігіт отандық телевизиядағы кейбір бағдарламалар ұлттық ұстанымдарымызға қайшы деп есептейді. Бұл туралы парламент өкілі үкімет басшысына жолдаған сауалында айтты. Депутаттың айтуынша, бүгінгі...

«Болашақ» бағдарламасы – келешекке жасалған көлемді инвестиция

– Тәуелсіздік алған тоқсаныншы жыл­дары жалпы ха­лық­тың жағдайы жақсы бол­ды, мына сала­ның дамуына ерекше жағдай жа­салды дей ал­маймыз. Қоғам өмірінің бар­лық саласы то­қырауға ұшырады....

Сенатор Ләззат Сүлеймен заңгерлерді даярлау кезінде сан қуаламай, сапаға қол жеткізу туралы айтты

Отандық жоғары оқу орындарында оқитын заңгерлер көп, бірақ өкінішке орай, заңгерлік білімнің сапасы көңіл көншітпей отыр. Сенатор Ләззат Сүлеймен өзінің депутаттық сауалында осы мәселені...

Мұрат Бақтиярұлы: Ашаршылықты зерттеу үшін ғалымдар мұрағатқа қол жеткізуі қажет

Ашаршылық тақырыбын жан-жақты зерделеу үшін ғалымдардың отандық және шетелдік мұрағаттарға қол жеткізе алуын қамтамасыз ету қажет. Бұл мәселені сенатор Мұрат Бақтиярұлы еліміздің Премьер-Министрінің атына...

Жамбылда 251 гектар жерді жайлаған 50 тоннадан астам жабайы қарасора жойылды

Былтыр Жамбыл облысында 251 гектар жерден 50 тоннадан астам жабайы қарасора жойылған. Бұл жұмыстар жерді жырту, шабу, өртеу және гербицидтерді қолдану арқылы жүзеге асқан....

Дипломатия жемістері

Биыл Қазақстанның тәуелсіз мемлекет болып жария­лан­ғанына 30 жыл толады. Осы тарихи датаға байланысты өмірімнің жиырмаға жуық жылын осы салаға арнаған дип­ломатия ардагері хақында, дербес...

Айман Ибрагимова дзюдодан Қазақстанның екі дүркін чемпионы атанды

Ақтөбе қаласында дзюдо күресінен 2004-2005 жылы туған жасөспірімдер арасындағы  Қазақстан чемпионаты жалауын көтерді. Онда Сарыағаш ауданының балуан қызы Айман Ибрагимова 44 кг салмақ дәрежесінде...

Мемлекет басшысы Білім министрлігіне ерекше қажеттілігі бар балаларға қатысты тапсырма берді

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ерекше қажеттілігі бар балаларды қолдауға қатысты еліміздің Білім және ғылым министрлігіне тапсырма берді. «Өкілетті органға ерекше қажеттілігі бар бала мен оның...

Президент: жер шетелдіктерге сатылмайтыны туралы түбегейлі шешім қабылданды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдіктерге ауыл шаруашылығы жерлерін сатуға және жалға беруге заң жүзінде біржола тыйым салуды және бір ай ішінде Жер реформасы жөніндегі...

Әлия Назарбаева мұғалімдер мен дәрігерлерге қатысты жобаны қолға алды

Қазақстанның Тұңғыш Президентінің кенже қызы Әлия Назарбаева көгалдандыруға қатысты тағы бір бастаманы қолға алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Жоба аясында саябақтарға ағаштар егіледі. Оған...

Қос азаматтығы бар мемлекеттік қызметшілерге жазаны қатаңдату қажет – Президент

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 5-отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қос азаматтығы бар мемлекеттік қызметшілерге жазаны қатаңдату қажеттігі туралы айтты. «Қазақстан қос азаматтыққа тыйым салынған көптеген...

Президент аудан әкімдерінің сайлауы қашан өтетінін айтты

Мемлекет басшысы елімізде аудан әкімдерінің тікелей сайлауы қашан өткізілетінін айтты.  "Қазір біз кенттер мен ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін тікелей сайлауға дайындалып жатырмыз. Сайлау биыл шамамен...

Қазақстандықтар медициналық қызметтерді бір ғана мекемеден алуы тиіс – Қ.Тоқаев

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке осындай тапсырма жүктеді. «Азаматтар өздеріне қажетті қызметтің барлығын бір ғана медициналық мекемеден алуға тиіс. Осы жобаны...

Мемлекет басшысы медициналық оқу орындарындағы стипендияны көбейтуді тапсырды

Медициналық оқу орындарындағы стипендияны көбейту қажет. Бұл туралы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 5-отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. «Бұған дейін біз педагогикалық жоғары оқу орындарында...

Ауылда өз жұмысшыларына үй салып берген кәсіпкерлерге шығынның 50 пайызы қайтарылады – Президент

Бұл туралы бүгін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 5-отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді. «Кәсіпкер өз жұмысшыларына арнап ауылда үй салса, мемлекет оған кеткен шығынның 50...

Путин Жапаровқа Қырғызстанда орыс тілінің мәртебесін сақтаудың маңызын ескертті

Мәскеуге екі күндік жұмыс сапарымен барған Қырғызстан президенті Садыр Жапаров пен Ресей президенті Владимир Путин кездесті. Кремльдің хабарлауынша, Владимир Путин Садыр Жапаровты Қырғызстан президенті қызметіне...

Ұлттық экономика министрінің жаңа орынбасары тағайындалды

Әлібек Қуантыров ҚР Ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұған дейін осы лауазымды атқарған Мейіржан Юсупов қызметінен босатылды. Үкімет басшысы сайтының мәліметінше, Әлібек Қуантыров 1983 жылы Атырауда дүниеге келген. Томск...

Зейнетақы жинағын емделуге пайдалану үшін өтінім қабылдау басталды

25 ақпаннан бастап Қазақстанда біржолғы зейнетақы жинағын емделуге пайдалану үшін өтінім қабылдау басталды. Өтінімді enpf-otbasy.kz сайтында беруге болады. Біржолғы зейнетақы жинағын келесі медициналық қызметтерге пайдалануға...

Қар, боран, көктайғақ: Еліміздің 16 өңірінде ескерту жарияланды

Бір тәулік ішінде республиканың автожолдарында 155 бірлік техника шығарылды, 294 адам құтқарылды және эвакуацияланды. Бұл туралы КР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли айтты. «Қазгидромет» РМК...

«Бірнеше күн нәр татпаған»: Ресейлік жазушы өз пәтерінде өлі күйінде табылды

Мәскеуде жас жазушы Аделина Шелдон өлі күйінде табылды. Бұл туралы Рен ТВ телеарнасы хабарлады.  Арна мәліметінге, 20 жастағы қыз өз пәтерінде көз жұмған. Соңғы бірнеше...

Пандемия салдарынан әлем әуежайлары қанша шығынға ұшырады?

Әлемдегі әуежайлар коронавирус кесірінен 112 млрд доллар шағынға ұшыраған. Мұндай мәліметті Әуежайлардың халықаралық кеңесі жариялады, деп хабарлайды «Хабар 24». Коронавирус жайлаған 2020 жылы шығын...

Коронавируспен ауырған балалардың денсаулығынан елеулі кінәрат анықталды

COVID-19-мен ауырған балалардың жартысында төрт ай бойы осы аурудың кем дегенде бір симптомы сақталады. Мұндай түйткілдер ғалымдар жүргізген зерттеу нәтижесінде анықталды, деп хабарлайды "Известия". Мамандардың...

Трамп жарлығының күші жойылды: Байден кейбір шетелдіктерге елге кіруге рұқсат берді

АҚШ президенті Джо Байден елдің бұрынғы басшысы Дональд Трамптың 2020 жылдың сәуірінде шетелдіктердің кейбір санаттарына елге кіруге тыйым салған Жарлығын жойды. Бұл туралы РИА...

Жуынатын бөлмеге телефонын алып кірген оқушы көз жұмды

Ресейдің Братск қаласында жуынатын бөлмеге телефон алып кірген оқушы қыз тоқ соғып мерт болды. Оқиғаға қатысты тексеріс басталды. Бұл туралы РФ тергеу комитеті өңірлік...

Түркістанда Бекзат Саттарханов атындағы спорт мектебі бой көтереді

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Бекзат Саттарханов атындағы дарынды балаларға арналған спорт мектебінің жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты өңір басшысының баспасөз қызметіне сілтеп....

Нұр-Сұлтанда аяз: 0-9 сынып оқушылары мектепке бармайды

Астанада ауа райына байланысты бірінші ауысымдағы оқушылар мектепке бармайды. «25 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты қала мектептерінің бірінші ауысымындағы 0-9 сынып оқушылары үшін сабақ...

Алматыда 16 мыңнан астам студентке арналған бірнеше жатақхана салынады

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров жоғары оқу орындары басшылығымен жатақхана құрылысы мәселесі жөнінде кеңес өткізді. Жиында «Елбасының бес әлеуметтік бастамасы» аясында жатақхана құрылысының барысы...

Атырауда Қайтпай сұлтан мешітінің іргетасы қаланды

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов пен Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Атырау қаласының іргесіндегі Еркінқала ауылында атақты Қайтпай сұлтан мешітінің іргетасын қалады,- деп хабарлайды...

«Менің пірім- Сүйінбай» халықаралық жас ақындар айтысы

Абай атындағы ҚҰПУ-інде Жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған «Менің пірім-Сүйінбай» халықаралық жас ақындар айтысының ақтық кезеңі 19 ақпанда өтті. Ақтық кезеңге 12...

Жаңаөзендегі балабақша 22 миллиард теңгеге азық-түлік сатып алмақ болған

Мемлекеттік сатып алулар сайтында ерекше лот  -  Жаңаөзендегі балабақша 22 миллиард теңгеге азық-түлік сатып алмақ болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Балабақша 22,3 миллиард теңгеден астам...

БЖЗҚ еліміздегі ең жоғары зейнетақы қанша теңге екенін айтты

Еліміздегі ең жоғары зейнетақы 522 610 теңгеге жетті, деп хабарлайды БЖЗҚ баспасөз қызметі. Қордың мәліметінше, 2021 жылғы 1 ақпандағы көрсеткіш бойынша БЖЗҚ 167 423 алушыға...

Ертісбаев Путиннің беделін көтеретін факторды атады (видео)

«Спутник V» вакцинасы бүкіл әлемде мойындалса, бұл жетістік Ресей үшін алғашқы Жер серігі ғарышқа жіберілген сәттегі КСРО-ның даңқымен пара-пар болуы мүмкін. Мұндай пікірді Yertysbayev...

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі аппаратына жаңа басшы тағайындалды

ҚР мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен Ернат Архатұлы Мұхамадиев ҚР МСМ аппаратының басшысы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлайды. Ернат Мұхамадиев...

Елорданың ірі мәдени ошақтары пандемия салдарынан қанша шығынға батқаны белгілі болды

«Astana Venue Management» ЖШС-ның бас директоры Мәлік Хасенов елордадағы мәдени нысандардың 2020 жылғы шығыстарына қатысты нақты деректермен бөлісті. «Егер әр нысанға қатысты нақты айтар болсақ,...

Қарызын қайтармаған досына оқ атқан павлодарлық 8 жылын түрмеде өткізеді

Сот үкімі Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жарияланды деп хабарлайды Pavlodarnews.kz. Іс алқабилердің қатысуымен қаралды. Сот 28 жастағы павлодарлықты қылмысқа дайындалғаны және кісі...

Ертісбаев Ұлттық кеңес туралы заңға екіұдай пікір білдірді (видео)

 Белгілі саясаткер Ермұхамет Ертісбаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі туралы заң қабылдау жайлы ұсынысқа қатысты пікір білдірді. Бұл туралы ол өзінің Yertysbayev Live  атты Youtube-арнасында...

«Абай» мәдени-іскерлік үйінің атқарар міндеті мол

Бүгінде жер-жаһанның 43 елінде тұратын этникалық қазақтардың қарасы 7 миллионға жетіп жығылады, алайда, ақпарат көздерінен белгілі болғандай, шекараның арғы шебіндегі отандастар саны 5 миллион...

Әлемді мойындатқан актерге адам зорлады деген айып тағылды

Есімі әлемге белгілі француз актері Жерар Депардьеге адам зорлау және сексуалдық зомбылық бойынша айып тағылды. Бұл туралы Риа Новости France-Presse (AFP) агенттігіне сілтеме жасап...

Қазақстандықтар министрлерге қандай мәселемен келеді?

Nur Otan-ның Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтардың министрлермен және мемлекеттік органдардың басшыларымен онлайн-кездесулері жалғасуда. Қазақстандықтардың министрлерге қандай мәселелермен келетіні туралы партия Орталық аппаратының баспасөз...

1 наурыздан бастап Қазақстанда карантин жеңілдейді

Биылғы жылдың 1 наурызынан бастап Қазақстанда карантин талаптары жеңілдейді. Жағымды жаңалықты Facebook парақшасы арқылы Атамекен ҰКП төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева хабарлады. «Сүйінші жаңалық! Ведомствоаралық комиссияның...

БҚО-да 24 елді мекен жарықсыз қалды

Батыс Қазақстан облысында 24 елді мекен электр жарығынсыз қалды. БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, сегіз ауданда барлығы 3112 абонент жарықсыз қалды. Атап...

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің аппарат басшысы тағайындалды

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің бұйрығымен Серік Рахметоллаұлы Егізбаев ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің аппарат басшысы лауазымына тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің...

Жол апатына кінәлі әйел полициядан қашамын деп мерт болды

Ресейдің Благовещенск қаласында жол-көлік оқиғасын жасап, із суытпақ болған әйел жол апатына түсіп мерт болды. Тағы екі адам жарақат алған, деп хабарлайды РИА Новости....

Экология министрлігі «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына қатаң талаптар қойды

Экология министрлігі "АрселорМиттал Теміртауға" Теміртауда 500 мың ағаш отырғызуды міндеттеді. Бұл туралы ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі ұйымдастырған брифинг барысында хабарланды. Министрліктің...

Алматыда қандай кәсіп иелері тапшы екені белгілі болды

Алматы қаласының Жұмыспен қамту орталығының директоры Диляра Иманқұлова онлайн брифинг барысында мегаполисте қандай мамандық иелері тапшы екенін айтты. Оның айтуынша, денсаулық сақтау саласында мамандар тапшылығы...

«Қытаймен бәсекені күшейтеміз»: АҚШ пен Канада күш біріктірді

АҚШ пен Канада Қытайға қарсы тұру үшін күш біріктірді.  Бұл туралы АҚШ президенті Джо Байден Канаданың премьер-министрі Джастин Трюдомен өткізген бейнеконференциядан кейін мәлімдеді, деп...

Алматы мәйітханасының директоры ірі көлемде пара алған деп айыпталды

Алматы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі Қалалық паталогоанатомиялық бюросының директоры Б.Әлібековке қатысты тергеу ісін аяқтады. Ол 2020 жылы мемлекеттік сатып алу бойынша қол қойылған...

Шымкентте тойханаларды мектепке айналдыру ұсынылды

Шымкенттегі банкет залдары иелеріне жергілікті билік мектеп немесе кафе ретінде жұмыс істеуді ұсынды. Коронавирус пандемиясына байланысты көптеген ойын-сауық кешендері бір жылға жуық жұмыс істемейді. "Атамекен"...

Қазақстан нарығына екі жаңа автокөлік бренді шығарылмақ

Astana Group холдинг компаниясының негізін қалаушы және президенті Нұрлан Смағұлов екі жаңа автомобиль бренді биыл ел нарығына шығарылатынын мәлімдеді. Олар - Haval және Genesis...

Зейнет жасы: Әлеуметтік кодекс тұжырымдамасы әзірленуде

Премьер-Министр Асқар Маминнің мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында елімізде Әлеуметтік кодекс тұжырымдамасының жобасы әзірленіп жатқаны туралы айтылды. Қазіргі уақытта зейнетақымен қамсыздандырудың барлық үш деңгейі (ынтымақты, базалық...

Мәжілісте қатесіз жазуға қатысты құжат мақұлданды

Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көрнекі ақпарат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. Бұл...

Төменгі жалақы мөлшерін арттыру мақсатында Жол картасы әзірленеді – Үкімет басшысы

Премьер-Министр Асқар Маминнің мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында елімізде жалақының төменгі мөлшерін арттыру мақсатында арнайы Жол картасы әзірленетіні айтылды. «Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың...

6,6 млрд теңге: Орал әуежайының ғимараты жаңартылмақ

БҚО құрылыс басқармасының басшысы Әлібек Антазиевтің айтуынша, «ҚПО б.в.» компаниясы арқылы әлеуметтік инвестициялар жобасы аясында құрылыс-монтаж жұмысы басталды. Жоба бойынша терминал алаңы 4 мыңнан 10...

ШҚО-да жасанды жолмен қар көшкіні түсірілді

ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, соңғы күндері өңірде күн жылып, жиі қар жауып тұр. Жел жылдамдығы да артқан. Таулы аймақтарда көшкін жүру ықтималдығы жоғарылады....

210 мыңға жуықтады: коронавирус жұқтырғандар саны азаймай тұр

Қазақстанда өткен тәулікте 753 адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды, – деп хабарлады coronavirus2020.kz. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 68, Алматы қаласы - 93, Шымкент қаласы...

Мас күйінде көлік тізгіндеген азаматтың бас бостандығы шектелді

Өскемен қаласында алкагольді ішімдік ішіп  алып көлік тізгіндеген ер адам жазаға тартылды. ШҚО бойынша ҚАЖ департаментінің мәліметіне сүйенсек, былтыр көктемде ер адам әкімшілік жауапкершілікке...

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Телерадиокешенінің жаңа аппараттық-студия кешенін аралады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Президенті Телерадиокешенінің жаңа аппараттық-студия кешенін аралап көрді, – деп жазды Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында. «Биыл Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешеніне...

Елімізде боран соғып, қар жауады – Қазгидромет

Сәрсенбі күні елімізде жел күшейіп, боран соғады, солтүстікте қалың қар жауып, оңтүстік өңірлерде тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін, – деп хабарлады Қазгидромет. 24 ақпанда Қазақстан...

Oppo компаниясы ауа арқылы сымсыз қуаттау технологиясын ұсынды (видео)

OPPO компаниясы көпшілікті Oppo X 2021 құрылғыларын сымсыз қуаттаудың жаңа жүйесімен таныстырды, - деп хабарлайды EVO-RUS.COM. https://youtu.be/xALQxs1bJM0 Wireless Air Charging технологиясын Қытайлықтар MWC 2021 Shanghai көрмесінде...

Google қазақ тіліндегі аудиожазбаларды аудара бастады

Google Translate сервисі енді қазақ тіліндегі аудиожазбаларды аудара бастады, деп хабарлайды АА "NewTimes.kz". Бұл жаңарту 22 ақпанда пайда болды – 6.17.0. Айта кету керек, аудиоаударма тек...

АҚШ-та салынғанына 139 жыл болған үй алып тіркемемен жаңа орынға көшірілді (видео)

Калифорния штатындағы Сан-Франциско қаласының тұрғыны Тим Браун 139 жыл бұрын іргетасы қаланған өз үйін жаңа мекен-жайға көшірді. https://www.youtube.com/watch?v=u8l6eBUK-rM 1882 жылы салынған үй үлкен тіркемеге салынып, жүк...

«Алтын Орда» тарихына арналған киножобаға дайындық басталды

Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы Алтын Орда тарихына арналған ірі киножобаның тұжырымдамасын әзірлеуге кірісті. Осы мақсатта кино орталығының жанынан жұмыс тобы құрылған, ол ел...

Қандасымыз Риза Әлімжанқызы – Қытай киноиндустриясының жұлдызы

Қытайдың kazakcnr.com сайтында талантымен танылған қандасымыз, белгілі актриса Риза Әлімжанқызы туралы мақала жарық көрді. Аталған мақаладағы деректерге сүйенсек, Қытайда өнерімен көрермен көзайымына айналған Риза...

Елбасы Ақан Сатаевты қабылдады

Елбасы Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» акционерлік қоғамының президенті Ақан Сатаевты қабылдады, – деп хабарлайды elbasy.kz. Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздік алғаннан бері мемлекет әрдайым өнер саласының...

«Nur Otan» партиясының жол картасы: «Баспанамен қамту – басты назарда»

«Nur Otan» партиясы Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларына арналған Жол карталарын бекітті. «Nur Otan» партиясы сайлаудан кейінгі бір ай уақыт ішінде өзінің 216 сайлауалды бағдарламасын...