Карантин: қоғамдық орындардың жұмысы тоқтатылады

Карантин: қоғамдық орындардың жұмысы тоқтатылады

Карантин: қоғамдық орындардың жұмысы тоқтатылады
ашық дереккөзі
50 мыңнан астам халқы бар елдімекендерінде қоғамдық орындардың жұмысы тоқталады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Ләззат Ақтаева айтты. «КВИ жұқтырғандардың өсімін ескере отырып, кеше, 18 маусымдағы ВАК шешімімен Нұр-Сұлтан және Алматы, Қарағанды, Шымкент, Павлодар, Екібастұз қалаларында алдағы демалыс күндері карантинді күшейтудің қосымша шаралары қабылданды. Атап айтқанда 20-21 маусымда: сауда-ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, сауда желілерінің, жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың қызметі тоқтатылады; қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмысы әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, ашық ауада көше форматында ғана рұқсат етіледі; қоғамдық көліктің жұмысы шектеледі; фитнес орталықтарының қызметі тоқтатылады; 65 жастан асқан адамдардың көшеге шығуы шектеледі», - деді ол. Оның айтуынша, жоғарыда аталған қалаларға жақын орналасқан туристік аймақтарға кіру жабылады. Сондай-ақ, 50 мыңнан астам халқы бар елдімекендерінде қоғамдық орындардың жұмысы тоқталады; туристік аймақтарда тұратын адамдарға әлеуметтік қашықтықты сақтау ұсынылады; 65 жастан асқан адамдардың көшеге шығуы шектеледі», – деді Ләззат Ақтаева.