Мектептерде адамның бет-әлпетін танитын камералар орнатылады

Мектептерде адамның бет-әлпетін танитын камералар орнатылады

Мектептерде адамның бет-әлпетін танитын камералар орнатылады
ашық дереккөзі
Ресейлік мектептерде адамның бет-әлпетін танитын Orwell 2k камералары орнатылады. Бұл шара оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған, деп жазады «Ведомости» басылымы. Басылымның хабарлауынша, аталмыш құрылғының көмегімен оқушының мектепке қай уақытта келгенін, қашан кеткенін анықтауға болады. Сондай-ақ,  Orwell 2k камералары мектеп аумағында бөгде адамдардың жүргенін көрсетеді. Құрылғыны сатып алу үшін мердігерге – Ресейдің Ұлттық ақпараттандыру орталығына 2 млрд рубльден аса қаражат бөлінген. Жүйені жасап шығаруға «Элвис-неотек» компаниясы жауапты. Жаңа жүйенің енгізілуі көпшілік тарапынан қолдау тапқанымен, бұл шарадан нәтиже шықпайды деп есептейтіндер де жоқ емес. Ресей Мемлекеттік Думасының білім және ғылым жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары Олег Смолиннің пікірінше, білім ошақтарына Orwell 2k камераларын орнатудың маңызы жоқ. «Мектептерге әдетте оқушылардың өздері шабуыл жасайды. Оларға бет-әлпетті танитын құрылғы еш кедергі келтірмесі анық», – дейді ол.