Бағлан Майлыбаев мерзімінен бұрын босатылды

Бағлан Майлыбаев мерзімінен бұрын босатылды

Бағлан Майлыбаев мерзімінен бұрын босатылды
ашық дереккөзі
342
Мемлекеттік құпияны жариялағаны үшін сотталған президент әкімшілігі басшысының бұрынғы орынбасары Бағлан Майлыбаев мерзімінен бұрын шартты түрде босатылды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық сотының ресми сайтында хабарланды. Ресми мәліметке сәйкес, Майлыбаев жазасының өтелмеген бөлігінен мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы өтініш жасаған. Сот жазасының басым бөлігін өтегенін және түрме әкімшілігі ұсынған оң мінездемені есепке алды. Майлыбаев 9 рет көзге түсіп, көтермеленген. Ішкі тәртіпті бұзбаған, жұмыс істеген. Осының негізінде сот шешім шығарды. "Нұр-Сұлтан қаласының Байқоңыр аудандық №2 соты 2020 жылы 14 мамырда Майлыбаевтың мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы өтінішін қанағаттандырды. Ал жазаның өтелмеген мерзімі – 1 жыл 4 ай 21 тәулікке пробациялық бақылау белгіленеді. Осы уақыттың ішінде Майлыбаев ішкі істер органдарына барып, есеп беріп тұруға міндетті", - делінген ресми хабарламада. Бұдан бөлек, оған тұрғылықты жерді ауыстыруға, сондай-ақ, жұмыстан тыс уақытта ішкі істер органдары анықтаған орындарға баруға және Қазақстан Республикасынан шығуға тыйым салынған. Бұның барлығын жергілікті полиция қызметі бақылайды. Соттың қаулысына шағым мен қарсылық түскен жоқ. Құжат заңды күшіне енді.  

Серіктес жаңалықтары