379
Солтүстік Қазақстанда 1 мың шақырым автожол жаңартылады
Солтүстік Қазақстанда 1 мың шақырым автожол жаңартылады
Солтүстік Қазақстан облысында биыл орташа және күрделі жөндеу жұмыстарымен қамтылатын жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 580 шақырымды құрайды. Сондай-ақ, өңірдегі республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының 478 шақырымы да жаңартылады деп жоспарланып отыр.
Бұдан бөлек, биыл өңірде аудандық және облыстық маңызы бар «Советское-Ұзынкөл-Возвышенка-Карагандинское-Надежка» және «Булаева-Октябрьское-Конюхово-Куломзино» жолдары күрделі жөндеуден өткізілмек.
Ал республикалық маңыздағы «Мамлютка-Қостанай», «Көкшетау-Рузаевка, «РФ шекарасы (Екатеринбург)-Алматы» және «Волошинка-Сергеевка-Тимирязево» жолдарының учаскелері орташа жөндеу жұмыстарымен қамтылған.
Еске салайық, солтүстік өңірдегі республикалық маңызға ие автомобиль жолдарының ұзындығы 1 712 шақырымды, жергілікті жолдардың ұзындығы 7 026 шақырымды құрайды.