Алматыда үш бала терезеден құлап, екеуі көз жұмды

Алматыда үш бала терезеден құлап, екеуі көз жұмды

Алматыда үш бала терезеден құлап, екеуі көз жұмды
ашық дереккөзі
1197
Биыл алғашқы жарты жылда Алматыда бес бала терезеден құлап кеткен. Соңғы қайғылы жағдай кеше, 9 маусымда тіркелді. Оқыс оқиға салдарынан 2 жасар бала қайтыс болды деп хабарлайды Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі. Ведомствоның мәліметіне сәйкес, алғашқы алты айда мегаполисте үш бала тұрғын үй терезесінен құлап, қайтыс болған. Тағы екі бала құтқарылды. Алғашқы қайғылы жағдай наурыздың ортасында орын алды: 3 жасар бала 4-қабаттан құлаған. Оны құтқарып қалу мүмкін болыпты. Сол айда осы қабаттың 6-шы терезесінен қыз бала құлады, ол маусым айында 4 жасқа толуы керек болатын. Қыз дәрігерлер келгенге дейін қайтыс болды. Құтқарушылар терезеден құлаудың соңғы үш оқиғасы осы айда тіркелінін анықтады. Сонымен, мамыр айының 1-і күні 2-қабаттағы пәтердің терезесінен екі жасар сәби құлап кетті. Бала ми шайқалу және іштің жарақатымен шұғыл ауруханаға жеткізілді. Қазір ол медициналық бақылауда. Соңғы екі қайғылы оқиға өткен аптада және 9 маусымда болды. Терезеден құлаған екі және бес жастағы қос бірдей бала көз жұмды. Бұл уақытта ата-аналар үйде болған екен. Ведомство қайғылы жағдайдың себебі балалардың қараусыз қалуында екенін айтады. Мекеме өкілдері алматылықтардан балалардың қауіпсіздігі үшін терезелерге бекіту құрылғыларын орнатуды сұрады.

Серіктес жаңалықтары