Павлодарда 3 баласына алимент төлемеген безбүйрек анаға іздеу жарияланды

Павлодарда 3 баласына алимент төлемеген безбүйрек анаға іздеу жарияланды

Павлодарда 3 баласына алимент төлемеген безбүйрек анаға іздеу жарияланды
ашық дереккөзі
226
Үш баланың анасы бір жыл бойы оларға ақша жібермей, балаларының көзіне де көрінбеген. Сот безбүйрек әйелді тауып, жеке сот орындаушысына беру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Павлодар облысының полиция басқармасы. Полицейлер Ақтоғай ауданының тұрғынына сот шешімімен іздеу жарияланғанын айтты. Жеке сот орындаушысы Фемида қызметшілеріне жүгінді. Бір жыл ішінде әйел адам үш баланы асырау үшін жәрдемақы төлемегендіктен оның мөлшері айтарлықтай үлкейген. Алайда полиция оның сомасын нақтылаған жоқ. Үш баланың анасы бірнеше жылдан бері балаларын тәрбиелеумен айналыспағаны белгілі болды. Осы уақыт ішінде балалар әкесімен бірге тұрып келген. Сот шешімі бойынша әйел адам балаларына ақша аударуға міндетті. Көші-қон қызметкерлері қашып жүрген тасжүрек ананың мекенжйына анықтаған. Алимент төлемеген әйел учаскелік полицияға жеткізіліп, жыл бойы жиналған қарызын өтеуге мәжбүр болды. Айта кету керек, полиция бұдан басқа Ақтоғай ауданының тұрғыны сот актісін орындамағаны үшін 14 мың теңгеге жуық айыппұл немесе 5 тәулікке дейін қамауға алынуы мүмкін екенін түсіндірді. Алайда, әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы мәселе жеке сот орындаушысының қалауы бойынша қалады.

Серіктес жаңалықтары