Қырғызстанның экс-премьері 18 жылға сотталды

Қырғызстанның экс-премьері 18 жылға сотталды

Қырғызстанның экс-премьері 18 жылға сотталды
ашық дереккөзі
266

18 жылға сотталды. 

Орталық Азияның жаңалықтар қызметінің хабарлауынша, экс-премьер "астанадағы Тарих музейін жөндеу кезінде және Шолпан-Атадағы ипподром құрылысы кезінде ақша жымқыруға қатысы бар" деп айыпталды. 

"Осыған дейін шыққан сот үкіміндегі жазамен жартылай біріктіріп, Исаковқа 18 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Жазаны өтеу 2018 жылдың 5 маусымынан есептелсін" деді үкім шығарған судья Марат Сыдыков.

Сондай-ақ, Бішкектің Первомайский аудандық соты  Исаковқа 247 млн 650 мың сот (шамамен 3,35 млн доллар) айыппұл салды. Сот осы іс бойынша екінші айыпталушы – президент әкімшілігінің азаматтық даму, дін және этникалық саясат бөлімінің жетекшісі Мира Карыбаеваға 247 млн сот (3,3 млн доллар) айыппұл салды. Еске сала кетейік, 2019 жылы желтоқсанда Сапар Исаков Бішкектегі жылу электр орталығының жөндеу ісінде жемқорлық айыбымен 15 жылға сотталған. Исаковтың дүние-мүлкі тәркіленіп, дипломынан, екінші дәрежелі "Манас" орденінен айырған. Үш жыл мемлекеттік қызмет атқаруға тыйым салды. Сапар Исаков 2017-18 жылдары Алмазбек Атамбаевтың тұсында  елдің премьері болды. Ол – Атамбаевтың жақын серіктестерінің бірі. Кейін билік ауысқан соң президенттікке Сооронбай Жээнбеков келіп, Атамбаевтың бірнеше серіктесіне жемқорлық айыбымен іс қозғалған. Тергеу актісіне сай, Исаков Бішкек жылу орталығын жөндеу кезінде қытайлық ТВЕА компаниясына "көмектескен".

Серіктес жаңалықтары